Жарнама
Қоғам

ЕСТЕН КЕТПЕЙТІН ЕСІМДЕР

 

Облыстық мемлекеттік мұрағаттың басшысы  Зұлбұхар Сүйінешов  Сапар Қарымсақовтың Ұлы Отан соғысы жылдары мен бейбіт кезеңдегі  өлкеміздің  мұнай өндірісін дамыту ісіндегі елеулі істері жайында әңгімелесе, өлкетанушы Вячеслав Афанасьев абзал азамат жайлы  естелік айтты.

Өлкемізде туып, өскен Сапар Қарымсақов Мәскеу тау-кен академиясын бітірген соң еңбек жолын Доссордағы фабрикалық зауыт училищесінің директоры, одан «Ембімұнай» тресінің геологиялық барлау кеңесінің директоры,1941-1942 жылдары облыстық партия комитетінің хатшысы  болып істейді. Бұдан әрі «Қазақстан мұнай» тресінің орталық ғылыми-зерттеу лабораториясының директоры,  Доссор мұнай өндіру кәсіпшілігінің директоры, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Жайық-Ембі ғылыми-зерттеу базасының директоры, ал 1956-1962 жылдары Батыс Қазақстан өлкелік ғылым академиясында бөлім меңгерушісі, сондай-ақ, 1966 жылы дербес  зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақ мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жасайды. Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендері, бірнеше медальдармен марапатталған. «КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі»атағы берілген.

Шара кезінде болашақ мұнайшылар өлкеміздің мұнай өндірісін дамытуда артына өнегелі із қалдырған Сапар Қарымсақов туралы  тың мағлұматтарға қанықты.

Шараны қорытындылаған  мұрағаттың бөлім басшысы Райса Тастемірова, мұрағатшы Анаргүл Зинуллина  мұрағат қорындағы  осындай абзал азаматтардың құжаттары бүгінгі жастарымыз үшін  үлгі-өнеге болатынын атап өтті.

Ғ.ЗЕЙН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button