Қоғам
«ЕСІМІМ МАҒАН ҮЛКЕН МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ…»
Ақындық – туабітті талант екені ақиқат. Поэзияны сүйіп, жырды жаттағаным болмаса, өлең жазу бақыты маған бұйырмапты. Алайда, музыкаға қабілетім болғандықтан, осы саланы таңдап, қазір Алматыдағы Қазақ ұлттық консерваториясында ән-хор бөлімінде дәріс алудамын.
Көңілім құлазыған сәтте де, алыстағы ауылымды сағынсам да, ақын апамның өлеңдерін оқысам, қанаттанып кетемін. Отты жырдан жаныма алау аламын.
Фариза АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ.
Жыланды ауылы,
Құрманғазы ауданы.