
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Бүгін «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының мәжіліс залында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

Іс-шара «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасының аясында ұйымдастырылып, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай соғыс ардагерлерін құрметтеу, олардың ерліктерін еске алу және қазіргі ұрпаққа олардың үлгісін көрсетуді мақсат еткен.
–Бұл соғыс тарихында ерекше орын алатын, көптеген отбасы үшін ауыр сынақ болды. Бірақ сіздер сол қиын-қыстау кезеңде батылдық пен ерліктің үлгісін көрсетіп, өз борыштарыңызды адал орындадыңыздар. Ауған соғысына қатысқан әрбір жауынгер — біздің халқымыздың мақтанышы, біз үшін шынайы батыр, — дейді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов.
Айта кетейік, іс-шараға «ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ-нің Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы, партия ардагері Роман Мақсотов, Ауған соғысының интернационалист-жауынгерлері мен ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері Кеңесбек Мусин, Бейімбет Үлкенбаев және Сәтжан Маралов қатысты.
Тоғжан ЕРМЕК