Жарнама
Қоғам

ЕРЛІГІ – ҰРПАҒЫНА МАҚТАНЫШ

 

Ол майдан шебіне 1942 жылы алынды.  Бақсай ауданының әскери комиссариаты армия қатарына алған уақытта әкем әскери училищені тәмамдаған болатын.

Сөйтіп, ол 1273-ші атқыштар полкі, 387-атқыштар дивизиясының құрамында үшінші Украина, Қырым майдандарына қатысады. Соғыс жылдарында қырағылығымен, әскери тапсырманы жедел орындау шеберлігімен көзге түскен. Қандыкөйлек жолдастары әкеміз Дүсіп Мұқанұлының майдан кезіндегі ерліктері  туралы жыр қылып айтып отыратын.

Оның осындай бір ерлігі Севастополь түбінде болған қанды шайқаста көрінеді. Кеңес әскерлеріне оқты қарша боратқан неміс солдаттары мен офицерлерінің көзін жойған лейтенант Мұханов Қара теңіз жауынгерлеріне өткел ашып береді. Осылайша ол шешуші шайқастардың бірінде армияның алға қарай жылжуына себепкер болады.

Гвардия лейтенанты Дүсіп Мұханов әр жылдары «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталады. «Ерлік – ұрпаққа ұран, елдікке мұра» дегеніміз осы болса керек. Ол бейбіт еңбекте де абырой биігінен көрінді.

Айгүл МҰХАНОВА,

Талқайраң ауылдық округі,

Атырау қаласы.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button