Жарнама
Қоғам

Еріктілер кеңесі қоғам өміріне өз үлесін қосуда

Еріктілер кеңесі – мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етеді.
Осы тұста, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту бағытында Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментімен 31 мемлекеттік қызметшіден құралған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органымен (бұдан әрі – Еріктілер кеңесі) 2024 жылы 589 іс-шаралар өткізілді.
Оның ішінде, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, өңірімізде орналасқан ескерткіштердің келбетін түзету, орнатылған аумағын тазалау (орналасқан аумағын жабайы шөптерден тазалау, әрлеу, әктеу және т.б.), мемлекеттік қызметшілер қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ерікті қызмет (қоршаған ортаны қоқыстан тазалау, су жағалауларын тазарту, ағаш отырғызу және т.б.) әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, қарттар үйлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жалғызбасты қарт адамдарға барып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қол ұшын созу, тегін заң көмегін беру және т.б.шаралар атқарылуда.
Бұдан өзге, Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғануына орай, Қызылқоға, Индер, Махамбет аудандары мен Құлсары және Атырау қала ерікті мемлекеттік қызметшілермен
көптеген қайырымдылық көмек көрсетіліп (азық-түлікпен, тегін такси және зардап шеккен отбасыларды тұрғынжаймен қамтамасыз ету және т.б.), бөгет жасауға қол ұшын созды.
Сонымен қатар, Атырау облысының барлық мемлекеттік қызметшілері Атырау қаласын тасқын судан қорғау мақсатында бөгет салу және
су тасқынынан зардап шеккендерді іздестіру жұмыстарына өз үлестерін қосқандығын атап өткен жөн.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Департаменттің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button