Жарнама
Қоғам

«ЕРІ ДАҢҚТЫ БОЛСА…»

Бірақ, бүгінгі бейбіт өмірдің, кемел болашақтың иелері, біздің жарқын өміріміз үшін кеуделерін отқа тосқан батыр аталардың ерлігінің өзі аңызға айналып, ұрпағына үлгі болғаны неге тұрады?

«Ері даңқты болса, Елі антты болса – Аруағы артып жүреді, Жауы аяғын тартып жүреді, — деген даналықты ұрпағына ұлағат еткен гимназия ұстаздары мен шәкірттері  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап «Ерлікке тағзым» атты кездесу кешін өткізді.

Кеш қонағы Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Атырау қаласының Құрметті азаматы Әлібек Түсібәліұлы оқушыларға сұрапыл соғыстың тірі куәгері ретінде көрген зұлматты шайқасты және жігер мен сенімге толы ерлік істерін баяндап берді. Украина, Беларусь, Польша, Румыния, Чехословакия елдерін фашист басқыншыларынан азат ету ұрыстарына қатысқан әр сындарлы сәтін ерлікке бағалаған шәкірттер кеш барысында түрлі көріністер көрсетіп, ерлік, жеңіс әндерін шарықтатып, өнерлерін көрсетті. Әлібек Түсібәліұлына мектеп әкімшілігі өз ризашылықтарын білдіріп, сыйлықтар табыс етті.

Кештің екінші бөлімінде Ұлы Отан соғысы ардагері Александр Смысловтың үйіне арнайы барған гимназия директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан ПҒА-ның академигі Н.Ғ.Даумов бастаған ұстаздар мен шәкірттер  сыйлықтармен, арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Бұл кеш тәуелсіз, бейбіт өмірдің сәулелі шырағын өшірмес жас ұрпақ, жас жеткіншектер үшін өзіндік маңыздылығымен ерекше есте қалды.

А. Сапиева,

дарынды балаларға

арналған облыстық ұлттық гимназия мұғалімі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button