Жарнама
Қоғам

Ерекше таланттар сынға түсті

Халықаралық отбасы күніне орай Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп гимназия-интернатында «Біздің таланттар» атты облыстық музыкалық-шығармашылық байқауы өтті. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға әлеуметтенуіне, шығармашылық қабілеттерін танытуына, өзін-өзі еркін және сенімді сезінуіне бағытталған маңызды іс-шара болды.

Байқауда сынға түскен балалар «Алтын дауыс», «Үздік декламатор», «Кішкентай биші», «Бастаушы әртіс», «Оркестр», «Бармағынан бал тамған» сынды түрлі номинациялар бойынша өз өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасы өнер иелерінің дарыны мен еңбегін жоғары бағалап, шығармашылықтың шексіз мүмкіндігін тағы бір дәлелдеді.

–Бүгінгі өнер додасы балаларымыздың бойындағы өнері мен қабілетін танытатын тамаша мүмкіндік болды. Балалардың осындай шығармашылық деңгейге жетуіне жол ашқан — ата-аналардың қолдауы, тәрбиешілер мен мамандардың ерен еңбегі. Сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз! Балаларымыздың болашағы жарқын, өнері асқақ болсын! Олар әрқашан биіктен көрініп, өз дарынымен үлкен жетістікке жете берсін, — дейді облыстық оңалту орталығының директоры Бибігүл Сапарғалиқызы.

Жиын барысында ата-аналар да балаларының жетістіктеріне куә болып, олардың қуанышын бірге бөлісті.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button