Еңбекқорға әр күн сәт
ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰМЫТ БОЛА БАСТАҒАН АТАКӘСІБІН ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРУ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТЫ КӨРІНІСІ. СОЛ СЕБЕПТІ АТАДАН БАЛАҒА МИРАС БОЛҒАН САЛТ- ДӘСТҮР МЕН ҚОЛӨНЕРДІ САҚТАП, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАП ЖҮРГЕН ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ДӘРІПТЕУ ДЕ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰРУЫ ТИІС.
Ағаштан түрлі бұйым жасап, он саусағынан өнер тамган колөнер шеберлерінің бірі Қызылқоға ауданының Қарабау ауылында тұрады. Қаймағы бұзылмаған ауылдың тумасы Қараман Құмаров әркез үлкенге құрмет, кішіге ізетінен айнымай, қашан да көмекке дайын тұратын елгезек жан. Ол ауылдағы игі істердің де ұйытқысы болып жүр.
Әр шаңырақтың төрінде ілулі тұрған шежіре жазылған тақтадан бастап, кез-келген сұранысты қанағаттандыра алатын жас шебердің ағаш цехынан өнделіп жасалған туынды көп. Кішкентайынан «Жеті атасын білмеген жетесіз» дегенді құлағына құйып өскен ол әр ауыл баласының жеті атасын біліп, жаттап өскеніне баса мән береді. Жұбайы Айдана Жаңбырова да өнерден кұралақан емес. Тігіншілікті тіршілігінің тұтқасына айналдыра білген Айдана өрнек құрап, құрақ көрпелер мен қыз жасауын колмен тігеді. Одан қолы қалт етсе, мектеп окушыларына бірыңғай үлгіде ат ұлттық киімдер мен кәжекейлер, кыз-келіншектерге әдемі кеш көйлектерін, ер-азаматтарға ат жабуын тігіп, ауылда ұлттық нақыштың сипат алуына зор үлес қосып келеді.
Караман Қобыланұлы келіншегі екеуі ауылдағы бие байлайтын санаулы отбасының бірі. Бие сүтінің ағзага өте пайдалы екенін білген ауылдастардың оған сұранысы да көп. Мал өнімдерінен шұжық, құрт, қаймақ, май, басқа да өнім түрлерін әзірлеп сату арқылы өз кәсібін арттырып, елдің алғысына да бөленіп отырған жас отбасының бір ерекшелігі өнімді халыққа қолжетімді бағамен ұсынады.
Халқымыздың «Еңбекқорға әр күн сәт» деген сөзі рас екен. Жастайынан мандай терін бұлдамай, балшық илеп, тас қалап, үй тұрғызып, өз ауылына әсем үйлер мен ғимараттар, мешіт салуға да зор еңбек сіңірген Қараман мен жұбайы Айдананы нағыз еңбек адамы деуге әбден лайық. Олар бүгінде бес перзентін тәрбиелеп, ұрпағына еткен еңбектің адал нанын ғана жеу қажеттігін іс-әрекетімен ұғындырып келеді.
Тоғжан ЕРМЕК