Жарнама
Қоғам

Еліміздің тұрақты дамуы мен әлеуетін арттыру үшін маңызды қадам

Қазіргі заманда қоғамдағы еңбек түрлеріне деген көзқарас өзгеріп келеді. Технологиялар мен автоматтандырудың қарқынды дамуы кезінде, көпшіліктің назарында кеңсе мамандықтары мен ақыл-ой еңбегі тұрса да, еңбек адамының маңызы мен орны ешқашан төмендеген емес. Жұмысшы мамандықтардың насихатын арттыру және «Еңбек адамы» идеясын ілгерілету – еліміздің тұрақты дамуы мен әлеуетін арттыру үшін маңызды қадам.

Еңбек нарығында көптеген жастардың таңдауы көбінесе «ақыл-ой еңбегі» мен «қалада жұмыс істеу» сияқты бағыттарға түсуі жиі кездеседі. Дегенмен, еңбек нарығының теңгерімсіздігі мен сұраныстың өзгеруі жұмысшы мамандықтарының құндылығын арттырады. Құрылыс, металлургия, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы сияқты салаларға білікті мамандар қажет, бірақ бұл бағыттар көп жағдайда жастар тарапынан назардан тыс қалады.

Жұмысшы мамандықтарына тарту жұмыстарын арттыру үшін бірнеше аспектілерге көңіл бөлу керек:

Алдымен, мамандықтардың мәртебесін арттыруға тоқталайық. Жұмысшы мамандықтарының қадір-қасиетін бағалауға көңіл бөлу қажет. Мәселен, сантехник, электрик, құрылысшы сияқты мамандықтар тек қолмен жұмыс істейтін емес, жоғары білім мен тәжірибені талап ететін кәсібі бар адамдардың жұмысы. Бұл мамандықтарға жоғары білім беретін оқу орындарында арнайы курстар мен бағдарламалар енгізу керек.

Одан соң, қаржылық және әлеуметтік қолдау ауадай қажет. Жұмысшы мамандардың еңбегіне лайықты жалақы, әлеуметтік қорғау және басқа да мүмкіндіктер қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, кәсіптік біліктілікті арттыру үшін арнайы гранттар мен бағдарламалар ұсыну керек.

Жастар арасында насихаттауды асты орынға қою да маңызды. Оқушылар мен студенттер арасында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру, кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігін арттыру қажет. Бұл мақсатта мектептер мен колледждерде тәжірибелік сабақтар, мамандық таңдау күні сияқты іс-шаралар өткізу өте маңызды.

Тағы бір айтатыным, жастарға жұмысшы мамандықтарының артықшылықтарын түсіндіру мақсатында әртүрлі ақпараттық кампанияларды ұйымдастыру қажет. Билік, бизнес және қоғамдық ұйымдар жұмысшы мамандықтары мен олардың маңыздылығы туралы деректі фильмдер, мақалалар, инфографика, бейнемазмұн ұсыну. Танымал жұмысшы мамандарының, жас кәсіпкерлердің тарихын көрсетіп, оларды жастарға үлгі етсе, нәтижесіз болмайды деп ойлаймын.

Серік ҚАДЫРОВ, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button