
Елдің келешегі теміржолшыларды да толғандырады
Исатай ауданында теміржол саласы қызметкерлерімен кездесу өтті. Онда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына айрықша назар аударылды.
Атап айтқанда, құжатта керсетілген көлік-логистика секторын, соның ішінде темір жол арқылы тасымалды тиімді де, ұтымды болуын жетілдіру, жаңа жобалар жөнінде пікір алмасуларға кезек берілді. Сонымен қатар алда өткелі тұрған референдумның маңызы туралы жан-жақты пікірлер мен энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жөнінде пайымды пікірлер білдіріліп, ұтымды ұсыныстар мен оралымды ойлар ортаға салынды.
Осының өзінен өзге сала мамандары тәрізді теміржолшыларды да елдің тағдыры мен болашағы алаңдататыны айқын аңғарылды.
Дәулетқали АРУЕВ
Исатай ауданы