«Елбасы бастамасын қолдаймын»
Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Елдегі төтенше жағдайға байланысты Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің, студенттердің, шағын және орта бизнестің ауыртпалығын жеңілдету бағытындағы нақты қадамдарын жария етті.
Бұл бағытта мемлекеттік органдардың тарапынан жасалып жатқан жұмыс аз емес. Алайда, Елбасы айтқандай, бұл бағытта тек қана мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз болады. Яғни, зауалды еңсеру үшін басқа да қосымша ресурстарды жұмылдырған абзал.
Осы орайда бүгін әрбір азамат еліміз үшін өзінің қолынан келетін үлесін қосқаны жөн. Бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетіндердің қатары одан әрі артса игі. Өйткені, қазақ халқының талай қиындықтан бірлігіміздің бекемдігі арқасында аман-есен шыққаны рас.
Ендігі уақытта да «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қазіргі қиындықты еңсерудің кепілі де осы бірлескен ісіміздің нәтижесі болмақ.
Баянсұлу ТЫНЫБАЕВА,
партия ардагері.