Ел үшін тиімді
Бейбіт атом – ел болашағы үшін қажет. 1994 жылы Теңіз кен орнында жұмыс жасаған кезімде алғаш рет американдықтар келіп, олардан компьютер, түрлі жаңа технолоияларды көріп, таңғалғанымыз бар. Он бес жылда техниканың құлағында ойнайтын маман болып шықтық. Сол сияқты, бейбіт атом келетін болса, 10-15 жылда жаңа дүниелерді игеріп, ғаламдық жақсылықтарға қадам басатынымызға сенемін.
Атырау қаласының өзін алатын болсақ, үшауысымдық мектептерді жою мақсатында Ақсай селолық округінен жаңа мектеп салынды. Қыркүйек жақындағанда токтарынан ақау шығып, проблема орын алды. Бұл олқылық қалалық мәслихат депутатының көмегімен жойылды.
Премьер-министр Қанат Бозымбаев та баяндамасында 2035 жылы энергия жоқшылығын бастан өткеретінімізді айтқан болатын. Көзіміз көріп, құлағымыз естіп отырған осындай мәселелердің арасында жүріп, көрсоқыр болуға болмайды. Болашағымызды қазірден ойламасақ, ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізге сын. Сол себепті, ел болып 6 қазанда өтетін референдумға қатысып, өз пікірімізді білдіргеніміз жөн.
Руслан КҮМІСҚАЛИЕВ,
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасы