Жарнама
Қоғам

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

— Қайрат Қыдырбайұлы, Мемлекет басшысының «Қазақстан Тәуелсіздігінің жеті қазынасы» атты терең мағыналы бағдарламалық сөзін қалай қабылдадыңыз?
— Терең мәнділігімен ерекшеленген бұл бағдарламада барлық сала бойынша Президенттің пікірі айтылған. Елбасы осы сөзінде «бұдан жиырма екі жыл бұрын біз экономиканы көтеруді ғана армандаған едік. Ал, биыл Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына қосылды» деп атап өткен болатын. Расында, Қазақстан бүгінде ішкі жетістіктеріміздің, ұдайы бейбітшілікті жақтаған дәйекті саясатымыздың нәтижесінде халықаралық жоғары беделге ие болып отыр. Ядролық қарудан бас тарту, Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру, Әлемдік діндер лидерлерінің съездерін өткізу, Тәжікстандағы, Ауғанстандағы, Ирактағы антитеррорлық күреске және бітімгершілік миссияларына қатысуы және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Саммитін лайықты өткізу – маңызды бастамаларымыздың, Қазақстанның тәуелсіздігінің тікелей нәтижесі.
Біздің басты байлығымыз, жеті қазынаның бірі – бірлік, татулық. Төл мереке – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасы «Тәуелсіздіктің тартуы ретінде халқымыз құн жетпес жеті қазынаға ие болды. Бірінші қазына – қасиетті де беделді еліміз, мәңгілік еліміз. Дау-дамайсыз шешімін тапқан он төрт мың шақырымнан астам шекарамыз Отанымызды біртұтас елге айналдырды. Көршімен тату, алыспен сыйлас ел болып отырмыз», — дей келе, екінші қазына ретінде ел бірлігін атап өтті.
Халық бірлігі – мемлекеттің негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп, дамыған Қазақстанымыз туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз. Рас, соңғы кездері, бүкіл әлемді шарпыған ғаламдық дағдарыс Қазақстанға да өз салқынын тигізбей қоймады. Халықаралық кеңістікте жүріп жатқан үрдістерге көз салар болсақ, дағдарыс қаржылық, экономикалық салалармен ғана шектелмей, әлеуметтік, этносаралық және дінаралық мәселелердің ушығуына себепкер болуда.
Дағдарыс – біздің бірлігіміз бен татулығымыздың мықтылық деңгейін сараптап-талдаушы күш. Дегенмен, бірлігіміз бен тірлігіміздің арқасында бұл аждаһаның да тамырына балта шаптық. Сондай-ақ, мем¬ле¬кет¬тік рәміздеріміздің бе¬кітілуі, шек¬арамыздың ай¬қын¬далуы – осының барлығы тәуел¬сіз мемлекет үшін аса қажет құн¬ды¬лықтар болатын.
— Тыныштық демекші, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін де, яғни әр жылда жолдаған Жолдауларында елдегі тұрақтылық пен тыныштықты назардан тыс қалдырмай келеді. Ел Президентінің тұрақтылықты қалыптастырудағы рөлі туралы ойыңызбен бөліссеңіз?
— Елбасы, ең алдымен, жат жұртқа келген өзге ұлт өкілдерінің өңменінен итермей, елімізді мекендейтін барлық тұрғынды этностық, нәсілдік ерекшеліктеріне қарамастан, біртұтас, унитарлы мемлекеттің азаматы ретінде қа¬рас¬тырып, тең мүмкіндіктер бере білді. Этностық топтардың өз тілі мен дәстүрін, әдет-ғұрыптарын дамытуға толықтай мүмкіндіктер жасалды. Қазақ, орыс театрларымен қатар, кәріс, неміс, ұйғыр, өзбек театрлары мәдениет саласында қызмет етіп, этностық топтардың газет-журналдары жарық көруде. Сондықтан да олар Қа¬зақ¬станды екінші Отаным деп бі¬леді. Қазақстанда өздерінің ана тілі мен мәдениетін сақтау үшін түрлі этностарға жағдай жасалғанын Елбасы әрқашан айтып отырады.
Елді жұмылдырушы маңызды фактордың бірі — қазақ халқы, оның дәстүрлік, тілдік және мәдени құндылықтары болып табылады. Кез келген мемлекеттің бірігуінің, ортақ мақсатқа ұйысуының негізі халықтың жаппай мемлекеттік тілді қолдануына байланысты. Осыған орай, Мемлекет басшысының «Бізді, біздің болашақ балаларымызды барлық этностардың мәдениеті мен тілін сақтай отырып, ортақ тіл топтастырғанын қалаймын» дегені есімде. Мемлекеттік тіл мен қазақ ұлты – Қазақстан қоғамын жұмылдырушы басты күш, Қазақстан халқының тұрақтылығы мен еліміздегі бейбітшіліктің кепілі.
— Діттеген мақсаттарға жету жолындағы жеті қазынаның үшіншісі мәдениетіміз бен тіліміз болып саналатынын Мемлекет басшысы ерекше атаған еді. Айтыңызшы, қазақ тілінің аясын кеңейту үшін әлі не істеу керек?
— Терең ұлтжандылықтан туындаған Елбасының әрбір сөзі, оның ішінде, еліміздің ең асылы – саяси егемендігіне деген биік құрметі, оған түбегейлі басымдық беруі, бәрімізді терең сезімге бөледі. Сөйтіп, демократиялық құндылықтарға, мемлекеттік тілге, дәстүріміздің даралығы мен ұлттық мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтауға, қазақтың ішкі тұтастығы мен этносаралық татулыққа негізделген ел бірлігін уыстан шығарып алмауға және ұлттық сананы сомдауға бағытталған жүрекжарды пайымдар күллі жұрттың көңілінен шығып, көкейіне қонды, жүрегіне сенім ұялатты.
«Ұлттық тілді, дінді, салт-дәстүрді сақтап қалуымыз керек». Бұл – Президент сөзі. Оның біреуі осал болса, мемлекет нашарлайды. Егемендікке нұқсан келтіреді. Мәдениет, тіл, дініміз бен салт-дәстүрді сақтап қалатын болсақ, ерекшелігіміз осыдан көрінеді.
— Сөзіңіз аузыңызда, Президент тәуелсіздіктің жеті қазынасында индустриялық-инновациялық даму, жалпы экономикалық өсу көрсеткіштеріне баса назар аударды. Бұл орайда, ел экономикасының локомотиві саналатын Атырау өңірінің де үлесі салмақты секілді?
— Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен табысты дамуына республика аймақтары да зор үлес қосып келеді. Олардың ішінде Атырау облысының ерекше орын алатынын атап өткен жөн. Алқалы жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел тәуелсіздігінің жеті қазынасындағы төртінші атап өткен индустриялық- инновациялық экономика десек, қазіргі кезде облыста қуатты өндіріс өркендеп келеді, осы заманғы технологиялық-инновациялық орталықтар шоғырланып, шетелдік, әлемге әйгілі мұнай өндіретін және қызмет көрсететін компаниялар жұмыс істеп отыр. Экономикаға жыл сайын мол көлемде инвестиция салынып, мұнай және газ саласындағы кәсіпорындар қарқынды дамуға көшті.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауларында біздің шикізаттық ресурстарымыздың және инфрақұрылымның жоғары деңгейдегі қайта бөлінісі саласында жаңа ауқымды жобалардың басталғаны туралы жариялады. Олардың қатарындағы Атырау мұнай өңдеу зауыты мен газ-химия кешенінің құрылысын салу жөніндегі екі жобаның біздің облысымызға қатысты болғаны – ерекше қуаныш. Алдағы уақытта Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 млрд. доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешені салынатын болады. Ол мөлдір мұнай өнімдерін өндіруді үш есеге жуық – 1,7 млн.тоннаға дейін, ал дизель отынын 1,4 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, еліміз отынның осы түрлерімен едәуір қамтамасыз етіледі.
Атырау мұнайшылары өндірістің осы қарқынын сақтағанда, ағымдағы онжылдықта Қазақстан әлемдегі мұнай өндіретін жетекші 10 мемлекеттің қатарына ену туралы Мемлекет басшысы алға қойған міндетті орындай алатын болады.

Сұхбаттасқан
Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button