Ел чемпионы бүгін анықталады
Жексенбі күні атыраулық «Бейбарыс» пен көкшетаулық «Арлан» командаларының арасындағы серияда есеп теңесті – 3:3. Айта кетсек, бесінші ойында қарсыластар айдынында атыраулық команда 1:0 есебімен алға шыққан болатын. Енді көкшетаулықтар Атырауда өткен додада финалдық сериядағы тағы бір жеңісіне қол жеткізді.
Атырауда өткен алтыншы кездесуде есеп ойынның соңғы минуттарына дейін ашылмады. Қос қарсылас та бір-біріне дес бермей, мықтылықтарын дәлелдеді. Финалдық ойындар деп осыны айтса керек. Ойын аяқталуға бес минут қалғанда Владислав Колесников есепті ашты.
Кейін атыраулық бас бапкер Александр Истомин есепті теңестіру мақсатында қақпашымызды алып тастап, айдынға алтыншы ойыншыны шығарды. Бірақ, көкшетаулық ойыншылар бос қақпаға тағы бір гол салды.
Төрт жеңіске дейін сараланатын серияның тағдыры бүгінгі қарсыластар аймағында шешіліп, ел чемпионы анықталатын болады. (Бұл ақтық додаға біздің тілшіміз Айгүл Ертілеуова арнайы қатысып, Көкшетаудан келесі нөмірге репортаж беретін болады. Қапы қалмаңыз!)
Айгүл ЕРТІЛЕУ.