Экологиялық ахуалға – қатаң бақылау
Жайық-Каспий Орхус орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Онда табиғатты пайдаланушы компаниялар мен мердігерлердің мемлекет және қоғам алдында есеп беруі кезінде барынша ашық болуы керектігі туралы баса айтылды. Әрине, белгілі бір мәліметтердің коммерциялық құпиялылығы сақталады. Алайда, мемлекеттік сатып алуды өткізуде ақпараттардың шынайылығы, өндірістің экологияға келтірген залалы, орын алған төтенше және апаттық жағдайлардың ешбірі жасырын болмауы тиіс. Мұның бәрі – табиғат пайдаланушылар-ға деген сенімді нығайтады. Бұл жөнінде баяндаған «БатысЭко-Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қали Әубәкіров табиғат пайдаланушы компаниялар экологияның әрбір саласы бо-йынша тіркеуден өтуі қажеттігін айтты.
«Норт Каспиан Оперейтинг Н.В» компаниясының Қашаған кенішіндегі экологиялық мониторинг жұмыстарын «КазЭкоПроект» ЖШС жүргізгенімен, тексеріс нәтижелерінде серіктестік аккредиттелмеген болып шықты. Сол себепті, теңіздегі экологиялық зерттеулер қорытындысының есебі Атырау облысы бойынша экология департаменті тарапынан қабылданбады. Бұл «Жамбыл Петролеум» серістестігіне де қатысты. Заңдылықты сақтамаған мұндай компанияларды мемлекеттік сатып алуға қатыстыруға болмайды», — деді Қ.Әу-бәкіров.
Қоғамдық ұйым өкілдері мұның бәрі саладағы жемқорлықтың әсерінен орын алып жатыр деп алаңдайды. «Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жемқорлықты түбегейлі жою мүмкін емес. Десек те, онымен күресті күшейту керек. Құзырлы органдар тарапынан осы өрескелдікке жол бермеу маңызды», — деп атап өтті табиғат жанашыры Махамбет Хакімов.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.