ЕҢ ҮЗДІК ДЕПОЗИТ АРМАНЫҢДЫ ІСКЕ АСЫРАДЫ
ДЕПОЗИТТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МЕРЗІМІ
Өзіңе бір нәрсені мақсат етсең, оған ақша жинаған оңай болады. Мен өзіме Чехияда демалуды мақсат еттім: Прагадағы Карл көпірін көруді, Чески-Крумловтың шағын көшелерін аралауды баяғыдан бері армандап едім. Міне, ақша жинаудың себебі сол болды!
Әрине, күрделі мақсатты табуға да болар еді – техниканы сатып алу, оқуға төлеу және т.б. Бірақ, саяхат та салым ашу үшін дәлелді себеп болып келеді. Көп ойланып, мен өз қалағанымды сатып алып, үйренген тәртібімді бұзбай-ақ, қажетті соманы үш-төрт айдың ішінде жинап алуға болады деген шешімге келдім. Атап өту қажет, барлық банктер сақтаудың басқа да мерзімдерін ұсынады екен.
КАПИТАЛДАНДЫРУ
Ең қиын мәселе – банкті таңдау болды, өйткені қазіргі уақытта олар өте көп, сондықтан шарттарды салыстырып, ең тиімділерді таңдау қажет болды. Интернетте бірнеше сағат отырып, бұрын ойыма да кірмейтін пайдалы терминдердің бірқатарын үйреніп алдым. Оным жақсы болған екен! Мысалы, «капиталдандыру» деген сөз депозиттің сомасына сыйақы сомасы қосылып, келесі кезеңде пайыздар сол жалпы сомаға қосылып отырады дегенді білдіреді. Сондықтан қарапайым тұтынушылар үшін депозитті капиталдандырумен ашу тиімді болады.
ТОЛТЫРУ ЖӘНЕ АЛУ
Банктердің көбі депозит мерзімінен бұрын жабылатын болса, пайыздарды төлемейді, кейбір жағдайларда клиент айыппұл төлеуге де мәжбүр болады, сондықтан олар таңдаудан өтпеді. Егер өмірде ақша қажет ететін әртүрлі сәттер болса, мұндай шарттар жарамсыз болады. Нақты осы себеппен мен өз таңдауымды салымнан ақшаны айыппұлсыз ішінара алу және толықтыру мүмкіндігін қарастыратын банктерге тоқтаттым.
МӘРЕГЕ ЖЕТКЕН БАНК!
Екінші деңгейдегі барлық банктердің депозиттеріне беттеп, мен өзіме барлық көрсеткіштер бойынша лайықты болатын Хоум Кредитбанкін таңдадым. Ол әлемнің 10 елінде жұмыс істейтін және 31 миллионнан аса клиентке қызмет көрсететін халықаралық ұйым – Хоум Кредит тобының бір бөлігі болып табылады. Қазақстанда банк 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр, осы мерзім ішінде жеткен нәтижелері де жоғары.
Маған ең көп ұнағаны: пайыздарды жоғалтпай салымды толықтыруыма немесе ақшаны алуыма болады. Мерзімінен бұрын жапқан жағдайда салымның пайыздық мөлшерлемесі төмендемейді (ақшаны тіпті салымды ашқаннан кейін келесі күні алсам да).Теңгемен жасалатын салым бойынша тиімді мөлшерлеме ақшаны сақтаудың кез келген мерзімі үшін жылына — 9,4%, капиталдандыру мен ұзарту да қарастырылған.
Қазақстанда мұндай ұсыныстар аз және Хоум Кредит банкі — оларды ұсынатын аздың бірі. Менің депозитім Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған, сондықтан, мен өз ақшам үшін сенімдімін.
ДЕПОЗИТТІ АШУ
Адамдар банкке келгенде ұшы-қиыры жоқ кезекке тап боласың деп ойлайды. Хоум Кредит банкінде депозитті ашқан кезде бәрі де өзгеше болды: оңай әрі тез.Мұнда салымды ашуға келген клиенттер кезексіз қабылданады, ал менеджер небары бір-ақ құжатты – ЖСН көрсетілген жеке куәлікті сұрады. Банк сенің уақытыңды бағалап, салымшы банк үшін өзінің маңыздылығын сезінсін деп барлық жағдай жасайды дегенді білу қатты қуантты.
Шарт екі бетте ғана басылып, ондағы ақпарат түсінуге оңай болғаны да ұнап қалды. Салымды кез келген уақытта Хоум Кредит банкінің өз қалаңдағы кез келген бөлімшесінде толықтыруға болады.
АРМАНДАР
ОРЫНДАЛАДЫ!
Уақыт байқалмай өтіп кетті. Бірінші ай ақшаны басқа жаққа беру қиындау болды. Шындықты айту керек, бір-екі рет өз шамамды мөлшерлей алмадым да, біраз соманы алуға тура келетін болды. Бірақ, бұл менің кірісіме ешқандай әсер еткен жоқ. Соңында бақытты сәт келді: менің армандарым іске асырылды! Мен саяхатқа ақша жинадым, алған пайыздарым мені қатты қуантты, банктегі қызмет көрсету де көңілімді баулап алды. Мен барлық ақшаны алмай, төмендетілмейтін қалдықты депозитте қалдырып, демалыстан кейін қайта жинаймын деп шештім.
Депозитте ақша жинағанша, кредит алып, кейін аздап төлеген оңай дегенді жиі естігенім бар. Мүмкін кейбіреулер үшін бұл амалдың бірі шығар. Бірақ, меніңше, «Еңбекақым қайда кетті?» деген сұраққа жауап таппай, ақшаны босқа шашқанша, Хоум Кредит банкіне қонаққа келіп, өз депозитіңді толықтырып жүрген артық емес пе?Өзім тексердім: бұл жұмыс
істейді!