Қоғам
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ДА ШЕШУ ЖОЛДАРЫ БАР
— Үстіміздегі жылдың он айында біздің басқарма 442 ұйымға тексеру жасады, — деді семинарға қатысушылар алдында Әліпқали Төреұлы. — Сондағы орын алған кемшіліктерге орай 30 млн. теңгеден астам айыппұлы салынды. Еңбеккерлерден 690 арыз-шағым түсіп, соның 277-сі оң шешімін алды. Ол — еңбекақының уақытында төленбеуі, еңбеккер мен жұмыс берушінің арасындағы есеп айырысудың айлап, тіпті жылдап созылып кетуі, жұмыстан заңсыз шығарылу.
Семинарда, бұдан басқа, прокуратура қызметкерлері мен медиаторлар сөз алып, көтеріліп отырған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды, мысалдармен түсіндірді.
Лиза СЕЙТІМОВА.