Жарнама
Қоғам

ДІНИ ІЛІМДІ ДҰРЫС ЖОЛДАН ІЗДЕЙІК!

 

Алайда, көптеген белгісіз ақпараттар мен хабарламалар азаматтарымыздың діни көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Оның ішінде еліміз үшін дәстүрлі емес болып саналатын діни ұйымдар мен топтардың, тіпті экстремистік, теріс сенімдік мәліметтер белсенді таралып отыр. Сондықтан, қазіргі діни жаңғыру, дінге оралу кезеңінде кейбір азаматтарымыз аңдаусызда бұрыс бағыттағы діни көзқарасқа бет бұрып, діндарлар арасында көптеген түсініспеушіліктерге, қайшылықтарға, кейде әсіредіншілдік (радикалдық) формадағы қимылдарға тап болып отыр.

Осы себепті, хақ дінге, имандылық жолына бет бұрғысы, не болмаса діни сауатын жетілдіргісі келетін азаматтарды, жастарды діни білім мен мәліметтерді еліміз үшін дәстүрлі болып саналатын ақпарат көздерінен алуға шақырамын. Мәселен, «e-islam.kz», «muftiyat.kz», «muslim.kz», «azan.kz», «islam.kz» сияқты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тиесілі сайттар мен көптеген мерзімдік басылымдар сенімді ақпарат көзі болып табылады.

Әсіресе, «e-islam.kz» сайтында дін саласының білікті сарапшылары оқырман тарапынан қойылған сауалдарға лайықты деңгейде жауаптар беріп отырады. Діни көзқарастарымыз бен бағытымыздың сенімді ақпараттардан мәлімет алуы, діни біртұтас пікіріміздің қалыптасуы еліміздің рухани тұрақтылығы мен бірлігі үшін әрі рухани қарыштап дамуымыз үшін аса маңызды болып табылады. Сондықтан, әрбіріміз өзімізге, сенімімізге, отбасымызға, жақынымызға жауапкершілікпен қарайық!

Кеңшілік ТЫШХАН,

дінтанушы.

Астана қаласы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button