ДЕПУТАТТЫҢ БАСТАМАСЫ
Ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысқан ол атқарылған істері және алдағы іске асар жұмыстарды баяндады.
Депутат қасиетті Рамазан айында округтегі тұрмысы төмен отбасыларына қаржылай демеушілік жасап, 10 адамды жұмыспен қамтитынын айтты.
Округ тұрғындары атынан ардагер А.Күзембаев сөз алып, депутаттың мұндай игі ісіне ризашылық білдірсе, ауыл ақсақалы А.Тойлыбаев ауыз су құбырының құрылғысын қондыруға ықпал етуді сұрады. Қожалық иелерінің бірі Қ.Жанұзақов «Сельнай» учаскесіндегі көпір жөнделгеннен бері мал азығын дайындауда ешқандай кедергінің жоқтығын айтып, шаруашылық иелері атынан алғыс білдірді.
Жиын соңында округ әкімінің міндетін атқарушы О.Тәжібаев тұрғындардың ұсыныс-пікірлері аяқсыз қалмай, мәселенің шешілуіне ықпал ететініне сенім білдірді.