ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНІҢ БІР БЕКЕТІ
Қарашиннің «Почтение земли – поклон человеку» кітабын мен күнделікті-тұрмыстық сөздердің тарихи-лингвистикалық баян етілулеріне күмәнданып емес, тамсана отырып жиі және ықыласпен оқимын. Бұл түріктану, тіл білімі, салыстырмалы грамматикаға қатысты еліктіргіш оқу мені сонау студенттік кезден қызықтыратын. Тарихшы-тіл білгірі, этимолог Олжас Сүлейменовтің бұл салада Бекет шығармашылығына ықпалы зор. Айтпақшы, жоғарыда атап өтілген кітап танымал қазақ ақыны, тіл маманы Олжас Сүлейменовтің 70 жылдығына орайластырылған. Әңгіме не жайында?
Көптеген қысқа очерктер, миниатюра, естеліктер мен ілікпе сөздер, жалт-жұлт суреттемелермен өрілген «По тропе Олжаса», «ТЮРК и Я» эссе топтамалары жөнінде. Мен бұл жерде тарих, тіл білімі, философия, әдебиеттану білімдерімен безендірілген өзіндік ерекшелігі бар аталған топтамалардың бірнешеуін атап өтейін: «Тюркское слово», «Шумеро-тюркские мотивы в библейских историях», «Жаркое из тюркизмов или от озарений до прозрений» және басқалары.
Бекеттің әдеттегі бақылауы мен тұжырымынан бір ғана мысал: «Жар, йар, зер, зар сөздері түрік сөздерін жасауға қызмет етумен қатар тюркизмдерде де қатысқан». Бұл этимондармен «шыжғырылған» мынадай түрік сөздері мен сөз тіркестері бар: Қыпшақ диалектісінде: жарық (свет), жарқын (лучезарный, светлый), жарқ-жұрқ — искриться, жарқ ету — засверкать, жария болу — стать известным, жариялау — объявить, обнародовать, жарқыл — сверкание, ажар – (озарение человеческого лица, его приятный цвет и лоск) және басқалары. «Ысылдаган» диалектте: ЗЕР, ЗАР-внимание. Осы «аса жарық» негіздерден жар, жара, жарко, жаркое, жар-птица, жаровня, жарынь, заря, харево, зарница, зардеться, озарение, зрение, прозрение, зрелище, воззрение, зритель, зрачок (зер+ачок, назар салыңыз ашық деген мағынаны білдіреді -132 бет) түрік тілінен алынған. Немесе Бекет «батальон», «батарея», «баталия» сөздерін қарастыра отырып, ол сөздердің мағынасын былайша түсіндіреді:
Аты-баты от команды, их родил язык войны. Аты-баты «тюрковаты»: ат – стреляй, а бат – тони (156 бет).
Ол түсіндіре, ұғындыра, дәлелдей, танымал беделді тұлғаларға (М.Қашқари, В.Бартольд) сілтеме жасай отырып, кольчуга, колчан, чехол, кобура, забрало, забор, маска, колокол, торба, баул, карман, стяг, ярлык сөздерінің түп негізі түрік тілінен алынған деп санайды. «Жылқы» терминологиясын бүтіндей түрік сөздерімен байланыстырады: лошадь – йолшы ат, караковый – қара, чубарый — шұбар, буланый — бұла, чалый — чал — пёстрый, узда – ұста, ауызда. Маған оның сөз бен сөз саптаулардың этюд-түсіндірмелері дәлелді көрінді, олар: хомут, телега, тарантас, таратайка, колымага, коляска, алтын, монета, сондай-ақ Соловей-Разбойник, Баба-Яга, Змей Горыныч, Карабас-Барабас, Серый Волк. Кейде ол лингвистикалық талқылауларын өзінің өлеңдерінде қорытады:
Словом, в сказках Соловей не певец и не солист, он — разбойник и злодей, издававший жуткий свист. Соловей совсем не птица, он — степняк, — кипчак, огуз. И грабитель, и убийца, от него стонала Русь…(196 бет)
Қарашиннің философиялық-лингвистикалық этюдтері сөз табиғатына еніп, ойлануға мәжбүрлеп, ғажайып түбірлерді табуға, тілдер мен мәдениеттердің өзара әсері мен байланысын түсінуге мүмкіндік береді. Бекет Қарашинді оқу еліктіреді, әрі ғибрат аласың…
Герольд БЕЛЬГЕР,
жазушы,
Алматы қаласы.
Бекет ұлыма
Жер болып, жерде қалмайды өнер деген,
Өнердің ең қиыны өлең деген,
Болмаса асқақ ақыл және білім,
Көпшілік айналыспайды өлеңменен.
Өнер азбас, өнер тозбас, жоғалмас,
Өнер жолдас, қолыңдағы ақ алмас,
Ұмтылған бір мақсатқа жетуге,
Артық ақыл, артық өнер таба алмас.
Оқыдым өлеңіңнің бас бөлігін,
Орысша жақсы шыққан бұл өлеңің,
Болсаң да өзің қазақ, тілің орыс,
Кем түспес орыстардан бұл дегенің.
«Өлең – сөздің патшасы», — деген Абай,
Өлеңді қызықтайды адам талай,
Көрсетпей өлеңіңді кештеу калдың,
Есесін толтырарсың алға қарай.
Бір күнде өлең шықпайды судай тасып,
Біртіндеп шығар өлең тәй-тәй басып,
Жетпесе, кейбір жерін жеткізерсің,
Ондайда қалма сасып, қалма жасып.
Зорланып өлең шыкпайды, болмай дарын,
Тұлпардан, түбінде бір, шығар арын,
Бетін аш дарыныңның, ел танысын,
Жаза бер жалғастырып ойда барын.
Меніңше, жазушылар сыншыл болад,
Ақындар атаққұмар, міншіл болад,
Көбейтіп айтпаса да оның бәрін,
Кейбіреулер көре алмайтын күншіл болад.
Қорытынды шығарарсың әділ сыннан,
Ақиқат айтылады адал шыннан,
Жоғарлап өрмелей бер тау басына,
Жасқанба, құлармын деп биік шыңнан.
Жасырма өнеріңді, кісі көрсін,
Бағасын түсінетін адам берсін.
Сөзім жоқ бұдан басқа айтатұғын,
Арғы жағын, айтпасам да түсінерсің.
Мұқанәлі ҚАРАШИН.
Бекет ҚАРАШИН
Құнын жоймас құндылық
Этностар, халықтар өз дамуында дәл осылай болмаса да, осыған ұқсас даму баспалдақтарынан өтеді. Соған сәйкес олардың мәдениеті, әдебиеті, өнері қалыптасады. Әлемдік әдебиет, соның ішінде әр халықтың поэзиясы да, өз ерекшеліктеріне қарамастан осындай интерұлттық құндылықтарға ие. Сол себепті олардың көптеген нұсқалары бір бірімен ұқсас болып келеді.
Қазақ әдебиеті де осы ережеден ауытқымайды. Бұл әдебиет те өлең сөздің құдіретін сезінді, көптеген белгілері бойынша әлемдік, әдебиет қалыбында көрінді. Мәселен Махамбет поэзиясынан біз ежелгі Гомердің, Эсхилдің батырлық пен өрлік сарынын, трагедиялық мазмұнын, ағыны мен екпінін байқаймыз.
Осы тұрғыдан алғанда, Махамбет поэзиясына көне дәуірден кейін пайда болған фольклор – аңыздар, эпопеялар, батырлар дастандары, соғыс жорықтары туралы және нақты әрекеттерден туындайтын жырларға (мыс.: Фирдоусидің «Шахнамесі; Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыры»;байырғы француз жыры «Роланд туралы аңыз» және т.б.) мейлінше жақын. Бірақ, бір-біріне ұқсамайтын бұл шығармалардың барлығын «отансүйгіштік батырлық» деп атаса болады. Әдетте, ондай шығарманың басты кейіпкері ретінде ержүрек батыр тұрады. Ол өз халқын, Отанын, Атамекенін жаулардан қорғайды, немесе басқыншылардан құтқарады.
Жоғарыдағы салыстырмалы мысалдар әрбір дәуірдің әдебиетінің ұқсастығын ғана сипаттайды, бірақ одан өзге, олардың сатылы ортақ белгілері болады. Олар мәдениет пен өнердің классикалық, романтикалық, реалистік, модерндік, постмодерндік және т.с.с. дәуірлері болып бөлінеді.
Осы бағыттар бойынша қазақ әдебиетінің де жүріп өткен өз жолы бар. Оның нақты сипаттамасы ретінде Махамбет шығармашылығын алуға болады. Мәселен, Махамбет поэзиясы реалистік бағыттың принциптеріне негізделсе де, уақыты бойынша көптеген елдерде сол кезде өмірге келген сыни реализммен дөп келді, сонымен қатар Махамбет шығармаларында классикалық және романтикалық бағыттардың да белгілері бар.
Классицизм бағыт тудырған шығармашылық ұстанымдар: қоғам алдындағы адам жауапкершілігі, оған азаматтық қызмет ету, шығармашылық бейнелеудің бір идеяға бағынуы, идеялық мазмұны мен көркемдік түрінің сәйкестігі – Махамбет шығармаларында толығымен сақталған.
Махамбет өлеңдеріндегі жаман аты шыққан, билікті ел қамына емес, қарақан басына бұрған, ол үшін әлімжеттік пен тойымсыздыққа жол берген ел билеушіні масқаралау принциптері француздың классик-драматургтері Расин мен Корнелдің трагедиялық сарынына өте ұқсас.
Сонымен бірге, Махамбет музасына Байрон мен Шеллиге тән романтизм де жат емес. Байрон да, Шелли де, оның ізін ала Махамбет те қоғамның екіжүзді және астамшыл билеуші табына аянбай қарсы шықты, олармен қатынасты шорт кесті, сөйтіп, өздері де қуғын сүргінге ұшырады. Бұлардың шығармаларының сипаты романтикалық төңкерісшіл, азаттық пен еркіндікке ұмтылыс түрінде көрініс табуы да сол себептен еді. Махамбет поэзиясының саяси наразылық түрінде болуы, кез келген тирандыққа төзімсіздік, адам ретінде жалғыздыққа жетелеген еркіндікті аңсау, көп жағдайда Байрон өлеңдерімен ұқсас. Әсіресе, оның «Гяур», «Манфред», Чайл-Гарольдтің қажылығы» атты поэмаларына жақын. Ал, Махамбеттің болашақта барлық адамдардың бауырластығы туралы идеясы, қоғамды осы бағытта өзгерту туралы арманы Шеллидің «Исламның бас көтеруі», «Еркіндік алған Прометей» поэмаларының идеяларына мейлінше жақын.
Махамбет өлеңдерін оқығанда көңіл түкпірінде оның орыстың декабрист ақындары Рылеевтің, Кюхельбеккердің, тіптен Пушкиннің өзінің шығармаларымен таныс болған дегендей ой туады. Бұл кездейсоқ емес, өйткені, уақыт бойынша да, территориялық және саяси негіздері бойынша да декабристер мен Пушкиннің бастапқы романтикалық кезеңі Махамбет романтизмімен астарласып жатыр, олар біріне-бірі мәдени тұрғыда етене жақын, бір деңгейде қаралатын шығармалар болып табылады. Бірақ, Махамбет-классик және Махамбет-романтик Махамбет-реалистке қарағанда әлдеқайда әлсіз. Оның шығармашылығында орын алған сыни реализмі уақыт тұрғысынан алғанда әдебиеті дамыған елдердегі реализмнің өмірге келуімен сәйкес (ХІХ ғ. 20-30 жж.). Махамбет те ұлы реалист ақындар Пушкин, Гейне секілді өз шығармаларында билеуші таптың арамтамаққа айнала бастауын, олардың мақсаттары жалпыұлттық мақсаттардан басқа арнаға түскенін ашық көрсетті.
Оның бұл феномендік даралығын тарихи тұрғыда былай түсіндіруге болады: ежелден қазақтар, башқұрлар, қырғыздар және т.б. халықтар өздерінің түп тегі сақ-скифтер, сарматтар, ғұндар, қыпшақтар және т.б. этностық тайпалар секілді өжет халықтар саналады. Осы мәселеге қатысты «түркілерге, егер олар өздері тиіспесе – тиіспеңдер!» деген Мұхаммед Пайғамбардан өсиет сөз қалған. Әрине, осы – ұлы даланың төсінде атой салған көшпенді батыр халықтардың жаңғырығы ретінде Махамбет те өзінің отты жырларымен «батырлық кесенесін» қашап шықты.
Сонымен, қорытындылай келе, Махамбет поэзиясы өзінің биіктігімен, ұлылығымен және қиюы қиысқан шеберлігімен дәуірлер туғызған Гомер, Эсхилл, Фирдоуси, Руставели, Расин, Корнель, Байрон, Шелли, Пушкин, Гейне, Шевченко, Мицкеевич шығармаларымен бір қатарда орын тауып тұр. Мұндағы «орнын табу» дегенді «мұражайдағы экспонат» деп емес, «жаңаның бастауы», «құнын жоймас құндылық», «әрқашанда үлгі боларлық биік өнер» деп ұққан жөн.