ZHal  astyi     Dala didaryi

Нарын құмында

Қоғам



Соңғы он-он бес жылдың көлемінде экономика өркендеп, ауыл шаруашылығына мемлекеттің тарапынан тиісті қамқорлық пен қолдаудың нәтижесінде Нарын өңірінде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліне бастады.  

ZHal  astyi     Dala didaryi

Исатай ауданының Нарын, Тұщықұдық ауылдық округтеріне қарасты шалғайдағы Нарын құмында орын тепкен шаруа қожалықтары мал санын өсіріп қана қоймай, оны асылдандырып, өнімдерін арттырып, ет, сүт, шұбат, қымыз өндіруге жаңа технологияларды енгізу арқылы бәсекелестікке қол жеткізу міндеті тұр.

Нарындағы Үштаған елді мекенінде  болған жиында Нарын ауылдық округінің әкімі Рухолла Тәкенов өңір халқының қазіргі ахуалын сөз етіп, құмда болмай тұрмайтын тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, Үштаған қонысында  бес айдан бері телефон байланысы жоқ. Техникалық себептермен қызметі тұралап қалған байланыс құралына қажетті жабдықтарды  ауыстырып, жөндеу үшін Атырауға жіберілгенімен, әлі күнге жөнделмеген.

Жолы шалғай, ұялы байланысы жоқ құм арасында мал баққан жандар үшін мұндай байланыстың ауадай қажеттілігі кім-кімге де түсінікті. Жақында мынадай жағдай болыпты. Қан қысымы көтеріліп,  сыырқатымен алысқан малшының өмірін сақтап қалу үшін Үштағаннан Айбасқа барып, сондағы телефонмен орталыққа хабар берілген. Сөйтіп, көлікпен нарындық фельдшер жеткізіліп, науқасты ажал аузынан аман алып қалу мүмкін болған

Мыңтөбе елді мекенінде  телефон байланысы болғанымен, тұрғындар жарықты бүгінде тек  жанармайдың күшімен жасайтын генератор арқылы алып отыр. Осы жайды қозғаған шаруалар құм өңірін аралап, малшылардың қысқы тірлігімен танысуға шыққан Исатай ауданының әкімі Марат Музиевтен желден қуат алатын генераторлар алуға  қолғабыс беруін сұрады.  Әкімнің айтуынша мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алған шаруа қожалықтары үшін мұндай құрылғылардың тегін түрде сенімгерлікке табыстау арқылы берілетінін айтты. Осы мақсатта жуық арада  ауданға жеті жел генераторы жеткізілмекші. Бұл құм өңірінде төрт түлік мал өргізіп, халықты сапалы, әрі табиғи таза өнімдермен қамтамасыз етуге бет бұрған шаруагерлердің тұрмысын жақсартуға септігін тигізбекші.

Мирас БАУЫРЖАНҰЛЫ,

Исатай ауданы.



Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған