Жарнама
Қоғам

Цифрлық сауаттылық – заман талабы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан сөздері қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелер – заң мен тәртіпті сақтау, азаматтардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға назар аударады. Бұл мәселе қазіргі уақытта өте өзекті болып отыр. Себебі цифрлық әлемде алаяқтардың саны артып, азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.

Мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін оқыту – бұл болашақ ұрпақтың қаржылық және цифрлық жүйелерді түсінуіне, өзінің құқықтарын қорғауға және алаяқтардың құрбаны болмауға мүмкіндік береді. Мұндай білім беру бағдарламалары азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуге, жауапкершілікті сезінуге және қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, құзырлы органдардың заңға бағынатын азаматтарға зиян келтіретін алаяқтық пен заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдауы қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Заңға сенім артқан қоғамда азаматтар өздерін қауіпсіз сезініп, мемлекет пен құқық қорғау органдарына сенім артады.
Жалпы, бұл ұсыныс елдің экономикалық тұрақтылығын, азаматтардың әл-ауқатын және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Цифрлық сауаттылықты оқыту қазіргі заманның қажеттілігіне айналды. Цифрлық сауаттылық тек компьютерді немесе смартфонды пайдалануды ғана емес, сонымен қатар интернеттегі ақпаратты дұрыс іздеу, киберқауіпсіздік ережелерін сақтау, онлайн қаржылық операцияларды жүргізу, әлеуметтік желілерде жауапкершілікпен әрекет ету сияқты дағдыларды да қамтиды.
Цифрлық технологиялар қарқынды дамып келеді, сондықтан болашақ мамандардың осы өзгерістерге бейімделуі маңызды. Цифрлық сауаттылықты игеру еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға және инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Цифрлық сауаттылықты оқыту білім беру бағдарламаларының ажырамас бөлігі болуы тиіс, өйткені бұл қоғамның барлық мүшелерін цифрлық әлемнің сын-қатерлеріне дайындауға, олардың жеке және кәсіби өмірлерінде табысқа жетуіне көмектеседі.

Шынар ҚОДАНОВА,
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Ақпараттық-технологиялар факультеті деканы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button