Болашаққа деген сенімімізді нығайтты

1 14 Қоғам

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетінші шақырылымдағы Парламенттің  бірінші сессиясында сөйлеген сөзін толығымен тыңдап шықтым.

Мәжілістің жаңа құрамы алдындағы баяндамасында Президентіміз жаңа шақырылымның қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келетінін айтты. Ол – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі межесі және қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жетуі.

            Президент жаңадан сайланған депутаттардың жұмыстарына сәттілік тілей отырып, алдағы жылдар адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналып, басты бағдарды айқындайтын сәттер болатынын ерекшелеп айтты. Осы жағдайда барлық  күш-жігерді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыру керектігін түсіндірді. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мен әл-ауқатын арттыруға басымдылық  берілетінін жеткізді.

Ең алдымен, дені сау, білімді және бақуатты жұрт болып қалыптасуымыздың маңыздылығын мәлімдеді.   2025 жылға қарай еліміздегі әрбір азамат үшін тиімді институционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптасып, мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуы сабақтастық, әділдік және өрлеу қағидаттарына негізделетінін айтты.

            Осылардан-ақ, біз мемлекет басшысының еліміздің болашағына, ондағы халықтардың тату-тәтті  бірлесе өмір сүруіне аса мән беретіндігін тағы да аңғардық. Ол осы арқылы еліміздің өркендеуі мен тыныштығы жолында аянбай, риясыз  қызмет ететіндігін көрсетті. Қазақстанда тұратын сан түрлі ұлтардың бірі ретінде біз Президенттің осы сөздері арқылы болашаққа деген сенімімізді нығайтып, бойымызға жаңа күш пен серпін жинағандай болдық.

   Людмила ЛИ,

«Тхоньиль» кәріс этномәдени бірлестінің төрағасы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз