БОЛАШАҚТЫҢ БАЙЫПТЫ БАҒДАРЫ
«Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады»,-делінген мақалада. Осыны баса айтқан Мемлекет басшысы әр ұрпақтың өз арманы барын, оларда елдік игіліктерге ұмтылыс көрініс табатындығын атап көрсетті .
Болашақта экономика саласындағы транзакциялық шығындар ұдайы қысқартылады. Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу жүйесі жақсартылады. Табыс пен мүлікті жалпыға ортақ декларациялауға кезең-кезеңімен көшу мүмкіндігі қарастырылады. Қолданыстағы салықтық режимдер оңтайландырылады. Ауыл шаруашылығында 224 мың агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілген жалпы ауданы 97,4 млн. гектар жерді жекеменшікке алынуына жағдай туғызылады. Оның үстіне, кадастрлық құнының 50 %-ы көлемінде 10 жыл мерзімге бөліп төлеу мәселесі қарастырылған.
Сайып келгенде, осылардың әрқайсысын Ұлт жоспарында белгіленген межелерге жетуге, жарқын болашаққа қарай жасалған нақты қадам, байыпты бағдар ретінде бағалаған ләзім.
Серік СӘРСЕКЕНОВ,
облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасы
басшысының орынбасары.