Жарнама
Қоғам

“Біз — бақытты баламыз”

Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің Ассамблея жастарының ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шара осылай аталды. Игі шараны «Алия» еврей этномәдени бірлестігі, «Пәрвәз» және «Дүнгендер республикалық этномәдени орталығы» Атырау филиалының төрағалары қолдады.

ab7c7d1e 03f6 4591 9e0e 6aaf323f7588


Мерекенің басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау, достық пен мейірімділікті насихаттау болды. Шараға көп балалы отбасылардың балалары, «Мейірім» жазғы лагері мен «Жанеркемай» қорының балалары қатысты.

bc3afb21 1fc0 4b13 a881 695c3976bbaa

Балаларға арналған концерттік бағдарлама, аниматорлармен ойын-сауық, тегін тәттілер мен балмұздақтар ұсынылды. Ерекше белсенділік танытқан балаларға сыйлықтар табыс етіліп, естелік фотозона ұйымдастырылды.
Жиын соңында Қ.Сәтбаев атындағы мектеп пен қалалық кітапхана ұжымдарына Алғыс хаттар табыс етілді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button