Жарнама
Қоғам

Биыл Атырау облысында 25 мыңнан астам тұрғын «Samruk-Kazyna Trust»игі істермен қамтылады

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өңірлерде қайырымдылық бастамаларды белсенді түрде жүзеге асыруды жалғастыруда. 2025 жылдың алғашқы алты айында еліміз бойынша жалпы құны 6 миллиард теңге болатын 21 жаңа жоба іске қосылып, шамамен 200 мың қазақстандық қайырымдылық көмекпен қамтылды.

17d1da90 bac7 466a 9b97 2965f5a3a7a8

Бұл бастамалардың маңызды бөлігі Атырау облысында іске асты. Мұнда 25 мыңнан астам адам түрлі бағыттағы әлеуметтік қолдауға ие болды. Жобалар инклюзия, медицина, білім беру, мәдениет және спорт сияқты негізгі салаларды қамтиды.

Инклюзия бағыты аясында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар жұмыс істейтін «Белес» инклюзивті кофеханасы ашылып, 10 ерекше жасөспірім қызмет көрсетуде. Облыс орталығында «Қамқорлық» оңалту орталығы мен ерте араласу орталығы жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын 700-ден астам ерекше балаға көмек алады.

bd4afb8d dffd 48a6 8466 f028ce8cb30d

Жаңа оқу жылында Жылыой ауданында 225 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға арналған 5 жаңа инклюзияны қолдау кабинеті ашылады. Сыныптар тұжырымдамасы «Samruk-Kazyna Trust» қоры және инклюзия сарапшыларымен бірлесе әзірленген.

Бұдан бөлек, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бочча ойыны бойынша «Саламатты болашақ» секциясы жұмыс істейді. Жоба аясында 50 бала тегін инклюзивті үйірмелерге қатысуда.

Шалғай өңірлердегі ауыл халқына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсететін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Атырау облысында 20 мамырдан 17 маусымға дейін болып, 7 станцияда аялдады: Ганюшкино, Исатай, Нарын, Аққыстау, Тұманды, Жамансор, Мұқыр, Сағыз. 10 мыңнан астам тұрғын білікті дәрігерлерге қаралып, 300-ден астам адам медиатор мен заңгерден әлеуметтік мәселелер бойыншақолдау тапты.

81f8f5c2 e81d 47d9 a005 bad8e9f4b7e8

ExxonMobil компаниясымен бірлесе «STEM HANYM» жобасы аясында Атырау өңірінен 250 әйелге STEM саласындағы дағдылар бойынша оқыту басталады. 18 тамызда ең алдымен онлайн оқу басталып, оған 4-курс студенттері, балабақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері, педагог-аналар, сондай-ақ педагогикалық білімі бар, бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемейтін әйелдер және мүмкіндігі шектеулі әйелдер қатысады.

Жыл соңына дейін Доссор қаласында заманауи мұражай-кітапхананың құрылысы аяқталады. Жаңа мәдени нысан 15 мың халыққа оқу-ағарту бағытында қызмет ететін болады.

Айта кетейік, соңғы бес жылда «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан Атырау облысында жалпы сомасы 9,78 миллиард теңгеге 26 жобаны жүзеге асырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button