Жарнама
Қоғам

Биыл 1 млн адам жұмысқа орналасады

Биыл елімізде шамамен 1 млн адам жұмысқа орналасады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп жазады stan.kz.

Тамара Дүйсенова Министрліктің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының 5 стратегиялық бағыты туралы баяндады. Соның ішінде азаматтарды жұмыспен қамту бағытына тоқталды. 

“Қазіргі геосаяси жағдай, жастардың едәуір ағыны, күтілетін жұмыстан босату және жаңа жұмыс орындарының аз генерациясы ұлттық еңбек нарығының негізгі сын-қатерлері және халықтың нақты табысына әсер ететін факторлар болып табылады. Сондықтан Министрлік жұмысының осы бағытының басты мақсаты отбасының кемінде бір мүшесін ресми жұмыспен қамтамасыз ету және оның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуы болып айқындалды. Негізгі нәтиже жыл ішінде жастарды, жұмыспен қамтылмаған азаматтарды және мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда шамамен 1 млн адамды жұмысқа орналастыру», – деді министр Тамара Дүйсенова. 

Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар 15 қаңтарға дейін өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекітеді. 

«Республика бойынша биыл салалық тұжырымдамалар мен ұлттық жобалар шеңберінде 75 мыңға жуық жұмыс орнын, қаржыландыру көлемі 131 млрд теңгені құрайтын мемлекет субсидиялайтын 150 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған. 780 мың адамды жеке бастамалар шеңберінде және жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына орналастыру қарастырылған. Құрылатын жұмыс орындарының жалпы санының шамамен 20%-ы жастар мен мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға бағытталады”, — деді Тамара Дүйсенова.  

Сонымен қатар министр жастарға арналған төмен пайызда несие берілетінін айтты. 

“6 мың жас азаматқа 5 жылға жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын 5 млн теңгеге дейінгі жеңілдікті микрокредиттер берілетін болады. Ерекше қажеттіліктері бар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға 1,2 млн теңге мөлшерінде 9 мың грант беріледі”, — деді Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрігінің кеңейтілген алқа отырысында. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button