Жарнама
Қоғам

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты ғалым пікір білдірді

Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшетін болды. Биылғы 1 наурызға қараған түні Астана уақытымен отырған қазіргі облыстар сағат тілін 1 сағатқа артқа шегереді.

Уақыт өлшемінің тәртібі туралы біраз дүниені білетін хронобиология маманы Болат Нұрхожаевтің ойларын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік:

“Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшетін болды. 2024 жылы 1 наурызға қараған түні Астана уақытымен отырған қазіргі облыстар сағат тілін 1 сағатқа артқа шегереді.

Qamshy.kz уақыт өлшемінің тәртібі туралы біраз дүниені білетін хронобиология маманы Болат Нұрхожаев бөліскен ойларды оқырман назарына ұсынады:

 Адам баласы – күндізгі тіршілік иесі

Таңертең Күн атысымен тірлігін бастайды. Атам заманнан өмірімізге әсер ететін 3 уақыт өлшемі бар. Біріншісі – Күн уақыты. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесінде күннің атуы мен батуымен өзінің биологиялық ырғақтары қалыптасқан. Екіншісі – біздің қолымыздағы уақыт, жұмысқа, сабаққа баратын әлеуметтік уақытымыз. Үшіншісі – біздің ішіміздегі биологиялық уақытымыз. Әр адамның әрбір клеткасында уақыт механизмі бар. Бұл дәлелденген, оның барына ешбір ғалым қазір шек келтірмейді.

Күннің көкке көтерілгені әлеуметтік уақытымызбен 12:00-ге сай болса, біздің ішкі биологиялық сағатымыз Күн уақытына сай болып, ағза синхронды жұмыс істейді. Сол синхрондық бұзылса, десинхроноз басталады, ішкі органдарымыздың ритмдері бұзылады. Яғни, кешке ас ішкенде ағзаңыз қорытып, пайдалысын алып, қажетсізін шығарып тастау секілді процесстер өтуі керек. Егер сол кешкі асты мезгілсіз уақытта ішсеңіз, асқазан демалатын уақытында тамаққа тап болады. Соның салдарынан артық салмақ, семіздік, сусамыр секілді аурулар туындайды.

Одан бөлек, кешкі сағат 20.00-де мелатонин гормоны бөлініп, ұйқыңыз келе бастайды. Бірақ әлеуметтік сағатпен ұйықтауға әлі ерте болғандықтан, телефон шұқылайсыз не басқа тірліктермен айналысасыз. Көзіңізге жарық түссе, мелатонин бөлінуі тоқтайды. Оның орнын күйзеліс гормоны – картизол басады. Кешкісін адамда тоқтық гормоны  липтин бөлінеді. Бұл бізді тоқ сезіндіреді. Ал таңертең тәбет гормоны грелин бөлінеді, ол қарнымызды аштырады. Қазіргі балалар неге үйінен ас іше алмайды? Себебі, қараңғыда грилин, сергектік гормондары бөлініп үлгермейді, баланы біз мәжбүрлеп оятқанымен, оның организмі оянған жоқ. Яғни, қыстың күні ерте оятып, сабақта отыруға мәжбүр етіп, біз баланың қол-аяғын жүргіздіріп жатырмыз, ал бұл баланың табиғатына қайшы. Ол бала бастапқы 1-2 сабақты қабылдамайды.

Адам қараңғы үңгірде жатса да ағзасы эндогендік биологиялық сағатпен оянады. Таң алдыңғы адамның түс көретін фазасы болады. 90 минуттық түс көретін фаза бұзылған жағдайда адамның физикалық, психикалық денсаулығы, ойлау, есте сақтау, шешім қабылдау, т.б. функциялары бұзылады.

Қазір жастардың көбі неге энергетикалық сусындарға әуес? Өйткені уақыттың қалыпты режимі бұзылудан жетіспейтін энергияны седативтерден, спайс, есірткі, шылым, алкогольмен уақытша толтырғысы келеді. Тіпті ойынқұмарлықтың өзі дофамин гормонынан уақытша рахат табудан басталады. Осыған ұқсас мәселелерді тізе берсек өте көп,-деді ғалым.

Qamshy.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button