Жарнама
Қоғам

Бірлікке бастар жол

Астана қаласында өткен “Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл” атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына Атырау облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары ретінде қатыстым.

Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде “Бірлік пен келісім, жасампаздық пен ұлтаралық татулық – еліміздің басты жетістігі. Саналы ұрпақ тәрбиелеу – жоғары жауапкершілік. Бұл – ең үлкен марапат” деп атап өтті.

Шын мәнінде, ел ішіндегі татулық пен жарасымды өмір – бейбітшіліктің, тұрақтылықтың және дамудың негізі. Біз – Аналар кеңесінің мүшелері – әрқашан ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық құндылықтар мен ізгілікке негізделген болашаққа үлес қосуды мақсат тұтамыз.

Қазақстан – ұлттар бірлігінің мерейлі мекені. Ортақ мақсат жолында жұмылған жұрт қана болашаққа нық қадам баса алады. Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!

Лаура ҚҰБАЕВА,

Атырау облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, Атырау жоғары медицина колледжінің директоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button