Жарнама
Қоғам

Бір түнде 132 адам қайықпен тасымалданды

Атыраулық құтқарушылар Махамбет ауданында түнгі кезекшілікте 132 адамды қайықпен тасымалдады. Оның ішінде 11-і бала. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі хабарлады.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, 20 мамырда Махамбетте Жайық өзенінің су деңгейі 4 сантиметрге көтеріліп, 1015 см-ді құрады.

Аудандағы Сарытоғай ауылын су басу қаупі төнуіне байланысты, өр суын қауіпсіз өткізу мақсатында Махамбет пен Сарытоғайды жалғап жатқан тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылып, көлік қатынасы тоқтаған болатын. Тұрғындарды тасымалдау қайық арқылы тәулік бойы жүзеге асырылуда. 19 мамыр күні кешкі сағат 20.00-ден бастап 20 мамыр күні сағат 08.00 аралығындағы кезекшілікте Атырау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары екі ауыл арасында қатынаған 132 тұрғынды, оның ішінде 11 баланы қайықпен тасымалдады.

Айта кету керек, Махамбетте 9 ауылдық округ, 21 елді мекен бар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жайық өзені бойында орналасқан 13 елді мекенде Атырау облысының құтқарушылары тәулік бойы кезекшілікте тұр. Су басу қаупінің алдын алу мақсатында өңірде 105,8 шақырым бөгет нығайтылды.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button