Бір рулон шөп – 12 мың теңге!
Биыл өңірде құрғақшылық пен қуаңшылыққа байланысты қиын жағдай қалыптасып отыр. Табиғи шөп қоры мен пішен әзірлейтін шабындық алқаптардың тапшылығы осыдан туындады. Олқылықтың орнын толтырып, қиын жағдайдан шығу үшін облыс басшылығы Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен меморандум жасасып, бекіткені белгілі. Соған сәйкес, көрші ңірдің мемлекеттік жер қорынан бөлінген учаскеден мал азығын әзірлеу немесе дайындалған шөпті тиімді бағаға сатып алу, сондай-ақ құрама жемнің қорын жасақтау туралы нақты тапсырма да берілген болатын.
Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев жұмыс сапарымен Махамбет ауданында болып, өңірде 2021-2022 жылғы мал қыстату науқанына керекті мал азығының дайындалу барысымен танысты. Махамбеттіктер мүмкіндікті мүлт жібермейді Бақсай ауылдық округіне қ а р а с т ы К ө з д і қ а р а е л д і м е к е н і н д е г і ш а б ы н д ы қ алқабында мал азығын дай[1]ындаумен айналысып жатқан «Жарасов» шаруа қожалығының жетекшісі Бақытжан Жарасовтың айтуынша, мұнда жұмыс күші жеткіліксіз.
– Ш ө п ш ау ы п , т ө р т түлігімізді азықпен қамтамасыз етуді, жалпы қысқа дайындықты бастап кеттік. Өзімізден артылып жатса, мал азығын тұрғындарға сатамыз. Тракторшы, механизатор жігіттер қазір аз. Осыған байланысты қиындықтардың туындап тұрған жайы бар. Ал, Үкімет тарапынан суға субсидия бөлінгендіктен, бұл жағынан мәселе жоқ. Биыл 300 гектар алқапқа су жіберіп, алдағы жоспар бойынша 1300-1500-дей рулон шөп шабатын ойымыз бар,- дейді шаруагер жігіт.
Ал аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас М ы р з а б а е в т ы ң с ө з і н ш е , өңірде жеке қожалықтар мен шаруашылық құрылымдарында қыстаққа түсетін 29 780 шартты мал басына қажетті 59 560 тонна ірі сабақты мал азығын дайындау жұмыстары қызу жүргізілуде. Күні бүгінде ауданда өзге өңірлерден тасымал[1]данып және өзінде дайындалған мал азығының көлемі – 22,1 мың тонна. Одан өзге, екпелі шөп егістігінен шауып алынған жоңышқа дақылы бар.
– Б и ы л а уд а н д а б е с шаруашылықта суару-суландыру жүйелерінен су алуға келісім-шартқа отырған 1400 гектар лиманды алқапқа су шығарылып, қазірде онда шөп шабу науқаны басталды. Көлтабанды алқаптың өзінен 6 мың тоннадан астам пішен дайындалады деп күтілуде. Тұтастай алғанда, бүгінгі таңда қыстық мал азығын әзірлеуге қ а т ы с у ш ы п і ш е н ш і л е р бригадасының өзіндік үлесі барлық қажетті көлемнің 32,3%-ын немесе 19 250 тоннасын құрап отыр. Қалған 67,7%-ын өзге өңірлерден тасымалдап жеткізу жолымен қамтамасыз ету көзделген. Оның өзі шамамен 40 мың тоннаға жуықтайды. Қазіргі уақытта бізді қинайтыны – шаруагерлерге берілетін субсидия мәселесі. Осы жағы уақытылы шешілсе, бәрі де дұрыс болар еді ,- дейді салалық бөлімнің басшысы.
Индердегі атқарылған жұмыстар
Ал, Индер ауданындағы төрт түлік малға 65 000 тонна шөп, 9200 құрама жем қажет. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың аталған ауданға іссапары кезінде айтылды. Ол алдымен ауыл әкімдерімен кеңес өткізіп, есептерін тыңдады. Олардың айтуынша, 7 ауылдық округтегі 208 қыстақты қажетті мал азығымен қамтамасыз етудің барлық мүмкіндіктері қарастырылған.
– Қазіргі уақытта мал азығын дайындау мәселесі өзекті болуына байланысты Атырау облысында да мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүргізілуде. О с ы б а ғ ы т т а М а х а м б е т, Индер аудандарындағы нақты жағдайды көзбен көріп, біліп отырмыз. Ауыл әкімдеріне жеке тұрғындарды, шаруа қожалықтарын шөппен, жеммен қамту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Жалпы шөп науқанын ұйымдастыру бағытында Батыс Қазақстан, А қ т ө б е о б л ы с т а р ы н ы ң әкімдіктерімен келісімдер жасалып, тиісті жер телімі бөлініп жұмыстар атқарылуда. Облыс бойынша 551 мың тонна шөп дайындауымыз керек. Қазіргі уақытта соның 35 пайызы ғана дайындалды, 82 мың тоннадай жем керек болады. Оның да 30 пайызы сатып алынды,- деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев.
Ө з о й ы н о с ы л а й ш а сабақтаған Қайрат Есқабылұлы одан әрі мал азығы дайындалып жатқан аумақтарда болып жұмыстың жүру барысымен жан-жақты танысып, шаруагерлермен пікірлесті. Олардың қатарында «Жарсуат» өндірістік кооперативі де бар. Аталған кооператив «Көтібай», «Шымырау» учаскелерінде 780 тонна шөп дайындау жұмыстарын атқаруда. Салмағы 260 келі тартатын рулон шөптің тоннасын тұрғындарға 10 мың теңгеден сатуды жоспарлап отыр. Қажетті шөпті кооператив өздері тасымалдап береді.
Исатай мен Мақатта да қарекет бар
Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының мәліметінше, биыл жауынның аз түсуі, күннің қатты ысып кетуі мұнда да шөптің шығымына кері әсерін тигізіп, қиын жағдай қалыптастырған.
Тек каналдарға жақын орналасқан елді мекендер аумағындағы, сондай-ақ көлтабанды алқаптардағы шабындықтарға ғана шалғы салудың мүмкіндігі туды. Осылайша, бүгінде ауданның өз жерінен шабылып, дестеленген бір рулон шөптің құны 5-7 мың теңге аралығында бағаланса, Қызылқоға, Құрманғазы, сонымен бірге Батыс Қазақстан облысының іргелес орналасқан аудандарынан тасымалданып әкелінген сондай шөп 8 000-12 000 теңгеге сатылуда. Соңғы жылдары өндіріспен қатар ауыл шаруашылығын өркендетуге де бағыт ұстап келе жатқан мұнайлы өңір – Мақат ауданында жыл санап басы өскен төрт түлікті қыстатуға қажетті мал азығының көлемі 7 500, ал кебек араласқан құрама жем 400 тоннаны құрайды екен. Салалық бөлім басшысы Ерлан Ахатұлының айтуынша, қазірге дейін ауданда 2 000 тонна пішен дайындалған. Былтырғы қыстан қалған қорды есептегенде қолда барлығы 3 500 тонна мал азығы бар. Алдағы қыстан еш алаңсыз, аман-есен шығу үшін әлі 4 000 тонна шөп дайындалуы қажет көрінеді. Сөйтіп, мақаттық шаруагерлер де өз жерінде шөп шабатын шұрайлы жердің жоқтығы мен шабындықтың тапшылығынан алыстан арбалауға мәжбүр болып отыр. Анығын айтқанда, олар бүгінде Қызылқоға ауданының Тайсойған участогінен, сондай-ақ Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданының жерінен шабылған шөпті осында тасымалдап жеткізуде. Сол себепті, оның сату бәсі де арзан болмайтыны белгілі.
Нақтыласақ, сатылатын бір рулонның (салмағы 300-350 тонна шамасында) бағасы 8-10 мың теңгеге тұрақтаған. Қазіргі таңда аудан бойынша есепке алынған мүйізді ірі қараның саны 1 700-ге жуықтаса, жылқы 1 600-ден асып, түйе 500- ге таяған.
Ал ұсақ мал (қой-ешкі) 4 220 басты құрап отыр. Басқа аудандармен салыстырғанда Мақаттағы малдың саны аздау көрінгенімен, соның өзінде де қажеттілікті қанағаттандыру оңайға түспеуде. Соған қарамастан, олар ішкі резерв пен бар мүмкіндікті пайдаланып, қалай еткенде де қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда. Мұндай қарекетті облыстың өзге өңірлерінен де байқауға болады.
Дәулетқали АРУЕВ