Жарнама
Қоғам

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

 

Жолдауда біздің халқымыздың қазіргі замандағы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді көздейтін дамыған мемлекет құру ұлттық идеясы мазмұндалған. Осы ретте ел Президентінің білім жүйесі туралы айтқан сөздері педагогтар қауымына жүктелетін міндеттер ауқымының артатындығын көрсетеді. Шынында да, мемлекетті дамытатын адам десек, оларға білім беріп, болашақтың жолдамасын ұсынатын – ұстаз емес пе?

Біздің елімізде лайықты білім алуға барлық жағдай жасалынған, қазіргі мектептер замана ағымына сай толық жабдықталып отыр. Ауыл мектебі қала мектептерімен тең жағдайда. Біздің мектебімізде де соңғы үлгідегі құралдардың барлығы бар. Мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз үнемі алдыңғы қатардан көрініп келеді. Ата-анамен байланыс жүйелі жолға қойылған.

«Білімді ұрпақ – болашаққа инвестиция» дегенді жиі айтып жүрміз. Біз, мектеп ұстаздары, болашақтың негізін қалаудамыз, біздің ұрпақтарымыздың елімізді Мәңгілік Ел тұғырына көтеретініне сенімім мол. Бұл тұста ерекше ескеруге тиісті мәселе – Президент айтқандай, «Қазақстан-2050» стратегиясы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Барша педагогтар болып күш біріктіріп, жұмыс жасау – табысқа жетуіміздің нақты кепілі. Елбасының «Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады» деген сөзі ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеді.

Жолдау біздің педагогикалық ұжым арасында кеңінен талқыланды. Оны бірауыздан қолдаған ұстаздар болашақта Жолдау жүктеген міндеттерді бір кісідей орындауға дайын.

Елбасы ұсынған елімізді өркендетудің жеті бағытының бірін-бірінен бөліп қарастыра алмайсыз, олардың барлығы да ерекше маңызды. Әсіресе, Жолдаудағы төртінші бағыт – білім саласының қызметкерлері үшін сара жолды көрсететін айқын бағдар. Ол – жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласы қызметкерлерінің алдына оқыту әдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиісті заман талабы деңгейінен көріну мақсатын қояды.

Ал, жетінші міндет — қазақстандық патриотизмді нығайту. «Еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсырамыз» деп алға мақсат қойған біздің ұжым осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруға бұрынғыдан да ерекше көңіл қоя отырып, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосады.

Ел Президентінің «Болашақта қазақтың кез келген орта мектебі зияткерлік мектептерден кем болмайды» деген сөзі — біз үшін үлкен жаңалық. Ал, «болашақ бүгіннен басталады» десек, Президент айтқан күннің де жақындап келе жатқаны анық. Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап білім саласы қызметкерлерінің табысы 29 пайызға дейін өскелі отырғандығын да ұстаздар қауымы қуанышпен қарсы алды.

Біз Мәңгілік Ел болуға қарай қадам бастық. Ел Президентінің Мәңгілік Ел  идеясы –халықтың үміті мен тірегі. Біз Елбасы тілегін қостаймыз. Тілекке тілек, білекке білек қосып, күш біріктіріп, Отанымыз үшін еңбек етуге дайынбыз!

Гүлшат Хасан,

И.Тайманов атындағы

орта мектептің директоры,

Жұмыскер поселкесі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button