БІЛІМДІ ЕЛ ҒАНА БИІК БЕЛЕСТЕН КӨРІНЕДІ

Бүгінгі Қазақстан – қоғам өмі¬рінің барлық саласында оң өзге¬рістерге жетіп, экономикасы, бі¬лі¬мі мен мәдениеті тұрақты да¬мы¬ған, ынтымағы жарасып, берік нығайып келе жатқан еңселі ел. Әлем таныған Елбасымыз Нұр¬сұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлеумет¬тік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткізгенімізді Қазақстан халқы мақтан тұтады. Жаңарған, серпінді дамумен алға ұмтылған бүгінгі Қазақстан, міне, осындай.

 

Тәуелсіздіктің 22 жылы қазақ халқының жадындағы тарихи сәттердің біріне айналуда. Олай деуге себеп: Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Тә­уелсіздік күні салтанатына арнал­ған жиында жұртшылыққа Жолдау арнап, Мәңгілік ел болудың 2050 жылға дейінгі жаңа межесін айқындап берді. Осыдан 22 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемен­дігін енді алған халқын асқаралы да сындарлы белестерге батыл бастады. Көшбасшысын қапысыз таңдаған туған елі енді бүгін әлемдік қоғамдастықтың бел ор­тасындағы беделді мемлекет болып танылды. Өркениет жолында талай өрелі іс тындырған Қазақ­стан татулық пен бірліктің, береке мен ырыс-құттың ордасына айналды. Бүгінгі Қазақстан – ішкі-сыртқы саяси-экономикалық тұрақтылық пен мәдени-рухани өрлеуден үдемелі даму жолына түскен ел. Біз бүгін өзіндік бет-бейнесі, ерекше­лік­тері мен ұстанымы бар табысты мемлекетпіз.

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары ретінде инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын ұсынды. Осы ретте Елбасы «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс»,- деп атап көрсетті.

Қазақстанның дамуын айшықтайтын бұл құжатта инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты мен білім берудің онлайн жүйелерін дамыту жайына, сондай-ақ заманауи білім беру жүйесі, оның ішінде кадр дайындау мәселесіне ерекше мән берілген еді. Мұны Президентіміздің «…Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын»  деген сөздерінен айқын аңғаруға болады.

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті түрде әлемдік білім кеңістігіне енудің алғышарттарын жасап келеді. Бүгінгі мектептің міндеті өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған, өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу, әлемдік деңгейге көтеру болып табылады. Бүгінде отандық студенттердің, мамандардың шет елдерде машықтанып, ал өзге ел жастарының бізбен тәжірибе бөлісуінің өзі – алысты діттеген стратегиялық құжаттың жүзеге асып жатқанының айқын көрінісі. Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, жоғары құндылық. Осы ғылым мен білімнің жетістігін паш ететін еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тәрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің әлемдік озық үлгісін, өнегесін, тәжірибесін үйрететін ұстаздар қауымының  нәтижелі еңбегіне байланысты болмақ.

Осы ретте бәсекеге қа­білетті, заманауи білімді де білікті ма­мандарды тәрбиелеп, сапалы да нәтижелі білім  беру жолында еңбек етіп жатқан жоғары оқу орын­дарының оқытушыларына қойы­латын талап та күн санап күшеюде. Біліктілігіңді үзбей жетіл­діріп, шеберлігіңді үзбей шыңдап, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен заманауи деңгейде үзбей айналысып отыру, заман талабына сай оқулықтар жазу – бүгінгі уақыт талабы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін стипендияға үміткерлерді іріктеу ережесіне сәйкес жүргізілген үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша білім саласына қойылып отырған міндеттерді орындау мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жоспар бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр. Орталық Стипендиаттың University of Northampton  тағылымдамадан өту бағдарламасы  бойынша оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі мамандығы бағытында физика және техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы М.Рахметова, математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, математика магистрі С.Қаракенова ғылыми тағылымдамадан өтуге бір жылға, яғни, үстіміздегі жылдың ақпан айынан 2014 жылдың ақпан айына дейін жіберілді. Информатика кафедрасының аға оқытушылары, магистр А.Мұқашева Германияның Дюссельдорф қаласында өткен «Германия университеттерінде оқытудың инновациялық әдістері мен технологиясы» атты семинарға  және магистрант И.Ищутина Беларусь Республикасы Білім министрлігі «Республикалық кәсіби білім беру институты» ұйымдастырған «Кәсіби құзырлық негізінде  модульдік бағдарламаларды даярлау және енгізу» тақырыбына өткізілген біліктілікті арттыру курсы мен тағылымдамаға  2013 жылдың  қазан, қараша айларында  қатынасты. Информатика кафедрасының оқытушы-магистрі Қ.Багитова мен математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушы-магистрі А.Тайшиева Англияның Норвич қаласына жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары оқытушыларының біліктілігін арттыратын курсына осы жылдың қараша айынан бастап жіберілді.

Ұжым өз кезегінде Елбасы ұсынып отырған сындарлы саясатты толықтай қолдап, ғылымның әр саласынан да жеткілікті деңгейде хабары бар, кәсіби шеберлік ұстанымдары қалыптасқан, білікті маман дайындау мақсатындағы абыройлы жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиян­да көрінетін тың мақсаттарға апа­ратын құдіретті күш. Мен барша хал­қымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құнды­лықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақ­стан­ның алтын ғасыры боларына сенемін. Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтары қажет. Ендеше, Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуі мен көркеюі үшін білімді де білікті жастарды тәрбиелей берейік», – деген сенімін ақтап, университет профессор-оқытушылар ұжымы бар күш-жігері мен білімін өскелең ұрпаққа жоғары сапалы білім мен саналы тәлім-тәрбие беруге жұмсайтындығына, тәуелсіз мемлекетіміздің нығайып, ру­хани, мәдени, ғылыми қуатының артуына өз үлестерін қосатынына сенім мол.

Бекет КЕНЖЕҒҰЛОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің деканы,

техника ғылымдарының докторы, профессор,

облыстық мәслихаттың депутаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз