Білікті жастар шетелге кетпейтіндей бағдарлама әзірленуде

acadm mobil Қоғам

Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтып берді.

Оның сөзінше, елімізде «Ашық Қазақстан +500» атты жаңа көші-қон тұжырымдамасы жасақталыпты.

«Мақсат – білім беру миграциясын дамыту. Елге білікті мұғалімдер керек. Сондықтан елге әр саладан 100 маман шақыртылатын болады. Жергілікті жастар шетелде білім алып, еңбек еткісі келеді. Енді соларға өз жерімізде де жағдай жасауымыз керек. Сонда олар өзімізде қалады» деп түсіндірді министрлік өкілі Атырауда өткен баспасөз брифингі барысында.


Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз