Жарнама
Қоғам

Басты мақсат – денсаулықты сақтау

«Коронавирусты жеңудің ең тиімді жолы – вакцина салу екенін үнемі айтып келемін. Біз қазір халықтың жаппай вакцина алуын ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жұмыста ірі кәсіпорындар басты назарда болуға тиіс. Мұнай компаниялары қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге айрықша мән беріңіздер» деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте.

Пандемия кезінде ел басына ауыр күн туды. Әлеуметтік-экономикалық жағдай құлдырады. Ел-жұрт қаншама ағайын-туыстан айырылды. Еріктілердің қатарында жүргенде қасіретті дерттің кесірі біраз отбасыны шарпығанын көзбен көрдік. Сол кезде ел-жұрттың бірлігінің арқасында бірнеше айлық төтенше жағдай, карантиннің ауыр күндері артта қалғандай. Жергілікті кәсіпкерлер, тұрғындар жақсылық жасап жарысып, бір-біріне қол ұшын берді.

Осынау сындарлы да, сынақты күндер енді болмаса екен. Міне, осы жағдай саналы түрде екпе алуыма түрткі болды. Облыстың тұрғындарын да ерікті түрде екпе алуға шақырамын. Кез келген тексерілмеген ақпарат көздеріне сенбей, денсаулығына  жауапкершілікпен қараса екен.

Анара ТӨРЕҒАЛИЕВА,

блогер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button