Жарнама
Қоғам

БАСПАНА БӘСІНЕ ӘСЕР ЕТПЕЙДІ

 

Брифингте «доллар бағасының көтерілгенін өзім де бүгін үкімет сағатында естідім» деген Ерболат Досаев жаңа өзгеріс нарықтағы тұрғын үй бағасына айтарлықтай әсер етпейді  деген пікірде. Себебі, қазір бұдан 5-6 жыл бұрынғыдай қарқынды құрылыс жоқ, соған орай сатылып жатқан пәтер де санаулы. Ал, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» тарапынан теңгемен салынған жинақ бойынша әзірге қандай да бір өзгерістер жоқ. «Қолжетімді баспана» әрі қарай жүргізіле бермек, дегенмен, оған байланысты қандай қадамдар жүзеге асатыны алдағы күндерде айқын болады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Б.Сұлтановтың айтуынша, әлемдік нарықта көрші елдерде, атап айтқанда, Ресейде орын алған жағдай теңге бағамының өзгеруіне әкеп соққан салдарлардың бірі болып табылады. «Біздің бағалауымызша, бұл жалпы ішкі өнім өсіміне әсер ететін болады. Өйткені,  тауарын экспортқа жіберетін өндірушілеріміздің экспорттық түсімдері көбейіп, ол сауда балансына да әсер етеді. Мұның тікелей әсерінен, әрине, бюджетке де түсімдер көтеріледі. Бұған қоса ол біздердің шет елдердегі дипмиссияларымыздың қарыздарына, қаржыландырылуына қызмет көрсетуге арналған шығыстарын арттырады. Дегенмен де, теңге бағамын түзетуден кейін бюджетке қосымша түсімдер өсімі қосымша кірістер өсімінен асып түсетіндігі болжануда», — деді ол.

Сондай-ақ, брифингте шетелдік валюта өсімінен отандық тауар өндірушілердің ұта алатыны, яғни, олардың тиімді пайдаланған жағдайда импортты өзімізден шығатын өнімдермен ауыстырып, бәсекеге қабілетті тауар шығару мүмкіндігіне ие болатыны айтылды.

Құралай ОРАЗ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button