Жарнама
Қоғам

БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ІС

 

Жолдауда белгіленген тапсырмаларды қалай жүзеге асыру жолдары талқыланған Үкімет отырысында көп мәселе ашық айтылды. Соның ішінде өзіміздің Атырауымызда газ-химия зауытын салу, мұнай өңдеу зауытын модернизациялау жөніндегі міндеттер тағы да атап айтылды.

Бір қарағанда, мұның бәрі не үшін жасалып отыр? Өйткені, әлем нарығында қаржы көзі азайып, зауыт-фабрикалар жұмысын тоқтатып жатқан мезетте біз «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тиісті шараларды қолданып, жаңа жұмыс орындарын ашамыз, теңгеміз де тұрақтай түседі. Алда атқарар жұмыстар да аз емес. Әсіресе, инфрақұрылымымызды жақсартып, ішкі нарығымызды реттеп алуымыз қажет. Осы күнге дейін дүние жүзін дағдарыс жайласа да, біз қасқайып қарсы тұрдық, қорқыныш сезіміне, берекесіздік пен абыр-сабырға жол бермедік.

Ішкі нарықтағы күрмеулі мәселелер, мемлекеттік қолдаудан бейхабар отырған ауыл шаруашылығы ұжымдары, ретсіз тексерулерден енді ғана бас көтеріп жатқан шағын және орта бизнес иелері–барлығы да бағдарлама шеңберінен тыс қалмады. Сол сияқты, отандық өнімдерді сыртқы саудаға ұсынып отырған кәсіпорындарға жағдай туғызу, отандық машина жасау саласын дамыту мүмкіндіктері – Мемлекет басшысының жіті назарында.

Бұл отырыста сараланған маңызды мәселелер тек Үкімет пен жергілікті басшылық өкілдеріне қатысты емес. Елбасы айқындаған мақсат әр азаматтың жеке басына да қатысты. Өйткені, егемен елдің ертеңін «Нұрлы жолмен» байланыстыру еңбек етіп, ұрпақ өсірген қазақстандықтардың ортақ ісі деп білемін. Осыны терең сезіне білген адам ғана маңдай терінің жемісін көріп, жеңісін қызықтайды.

Мәрия ҚАРАЖІГІТОВА,

облыстық мәслихат депутаты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button