Жарнама
Қоғам

БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТІ – ХАЛЫҚТЫҢ МҮДДЕСІ

 Несие берешегі көбейіп тұр

— Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі 24 банктің 25 филиалы және 99 айырбастау қосыны жұмыс істеуде, — деді ол. —  Аталған мерзімде облыстағы банк филиалдарының несиелер бойынша бережақтары 252,4 миллиард теңгені құрады. Ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,8 пайызға өскен. Айта кетер жайт, біздің облысымыз республика бойынша банкоматтары ең көп аймаққа жатады. Банкоматтар саны республика бойынша 8939 болса, біздің облысымызда 516-ны құрайды.   

Әрине, банк қызметіне жеке және заңды тұлғалар да жүгінетіні белгілі. Оларға банк тарапынан көрсетілген қызметке тоқталар болсақ, биылғы жылдың 1 қаңтарына жеке тұлғалардың бережақтары өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 26,7 пайызға өсіп, 152,8 миллиард теңгені құрап отыр. Ал, заңды тұлғаларға келсек, олардың бережақтары 32,1 пайызға өсіп, 99,6 миллиард теңгеге жеткен. 

Әдеттегідей заемдар бойынша мерзімі өткен бережақтар да болмай қалмады. Оның көлемі салыстырмалы түрде алғанда 62,4 пайызға өсті. Мерзімі өткен берешек құрылымында жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да несиелерінің көбеюі байқалған. 

Есепті мерзімде облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдары 266,3 миллиард теңге несие берілуін қамтамасыз еткен. Бұл 2012 жылдың тиісті мерзіміне қарағанда 42,3 пайызға көп. Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 160,1 миллиард, жеке тұлғаларға несие беру 106,2 миллиард теңгеге дейін өсті. Несиеден кәсіпкерлер де құр қалмады. Өткен жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 25,4 миллиард теңге несие берілді. Бұл да 2012 жылдың көрсеткішінен 3,5 пайызға артық. Есепті мерзімде облыстың шаруа қожалықтарының несиелік бережақтары 90 миллион теңгені құрады. Ол өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 28,2 пайызға қысқарған. Сондай-ақ, өткен жылы азаматтарға тұтыну мақсатында да несиелер берілген еді. Және ол 2012 жылмен салыстырғанда өскен. 

Атырау облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша, өткен жылғы желтоқсанда алдыңғы аймен салыстырғанда тұтыну бағаларының индексі 101,1 пайызды құрады. 2012 жылы ол 100,4 пайызды құраған. Былтырғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы 100,3 пайызды, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 100,2 пайызды құраған-ды. 

Салым көлемі артты

Филиал директорының айтуынша, екінші деңгейдегі банктерге салынатын салымдар да өсіп отыр. Аталған мерзімге банктер филиалдарындағы салымдардың да көлемі өскен. Қалдықтар өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артқан. Соның ішінде ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 46,9 пайызды, шет ел валютасындағы салымдардың үлесі 53,1 пайызды құрады. Сонымен қатар, аталған мерзімде жеке және заңды тұлғалардың да депозиттеріндегі қаражат қалдығы тиісті кезеңмен салыстырғанда өсіп отыр.     

Банк тұтынушыларының ағымдағы шоттарына түскен қаражаттарының көлемі 4629,1 миллиард теңгені құрап, 49,7 пайызға ұлғайған. 

Валюта нарығы тұрақтанды

Валюта нарығы да ырғақты жұмыс жасап келеді. Күні бүгін қолма-қол шет ел валютасына айырбастау операцияларын облыстағы 126 айырбастау қосыны жүзеге асырады. Олардың 99-ы уәкілетті банктердікі, үшеуі уәкілетті пошта байланысына тиесілі және 24-і – уәкілетті ұйымдардікі. ҚР валюталық заңнамасына сәйкес өткен жылы 36 валюталық операция тіркелген.

Экономиканың нақты секторының мониторингіне қатысушы мекемелердің  саны 191-ге жетіп, алдыңғы жылғы деңгейден 4,4 пайызға артқан. 

Филиал басшысының мәлімдеуінше, былтыр валюталық заңнама сұрақтары мен алғашқы статистикалық деректер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде 51 іс қозғалған. Соның ішінде алты іс бойынша 363510 теңге әкімшілік айыппұл салынып, төрт іс негізінде хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Ал, 41 іс бойынша ескертулер берілген. Сегіз жеке тұлғаның және екі заңды тұлғаның өтініштері қаралып, тиісті шаралар алынған. 

Осыларды егжей-тегжейлі баяндаған Қозыбақ Әбуұлы сөзінің соңында журналистерді банк жүйесіндегі жағымды жаңалықтармен де хабардар етті.

Диас НАУРЫЗӘЛІ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button