Балаларды қолдау — басты назарда
Елімізде алғаш рет заңнамалық деңгейде қамқоршылық органдарының штаттық санының нормативі бекітілді. 2025 жылы қамқоршылыққа бөлінетін мамандар санының артуы балаларға көмек көрсетудің тиімділігін арттырып, қамқоршылық органдарының жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Әр маман балаларға қажетті қолдауды қамтамасыз ететін болады.
Білім беру ұйымдарында өмірдің қиын жағдайына тап болған, зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған кәмелетке толмағандарға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету үшін іс-шаралар жоспары жасақталған.
Ең басты қауіп төндіретін мәселе – жүйелі түрдегі зорлық-зомбылық, яғни айдап салу мен буллинг.
Қазір білім беру мекемелерінің мамандары агрессияның анықталған фактісіне шұғыл әрекет ету туралы шешім қабылдайды. Буллинг жағдайын және оның салдарын анықтау үшін тиісті ақпарат жинау және клиникалық-психологиялық тексеру жүргізілуде.
Буллингтің алдын алуда психологиялық қызмет үлкен рөл атқарады. Балаларға, ата-аналарға, педагогтерге кең ауқымды мәселелер бойынша, соның ішінде даулы жағдайларды шешу, зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою мәселелері бойынша педагог-психологтер кеңес береді.
Мейрамгүл ЕСНИЯЗОВА,
Атырау қалалық мәслихатының депутаты