Жарнама
Қоғам

«БАЛАЛАРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӨНЕРІ»

 

Олардың арасында табиғи жүннен, пластмассадан, қағаздан, қалың және жұқа маталардан, ағаштан жасалған ойыншықтар — қуыршақ, аю, мысық, сандық, аққу, кесе мен құман, киіз үй, түнгі шам, тағы басқа заттар бар. Қолөнер бұйымы сайысына жүзге тарта оқушы қатысты. Олар өз жұмыстарын жеке, топпен, болмаса отбасымен бірлесе отырып жасаған.

— Көздің жауын алар осынша заттан ең таңдаулысын табу, оны бағалау оңайға соқпады, — дейді қазылар алқасының төрайымы, мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Айзада Түсіпқалиева. — Көп ойланып, мың толғанып, шын шеберді анықтауға тырыстық. Бізге балалардың қолөнерге деген қызығушылығы қатты ұнады.

Сайыс қорытындысында барлық оқушы Алғыс хатпен марапатталған болса, үшінші орын — Бейбіт Дүйсеновке, екінші орын — АқботаӘбілбашароваға, ал бірінші орын Балықшы кентіндегі Ломоносов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Валентина Попковаға бұйырды. Валяның қолынан шыққан бұйым — «Бәйтерек» деп аталатын түнгі шам. Оның жетекшісі, мектептің технология пәні мұғалімі Наргүл Қуанғалиева оқушы қыздың ісмерлігі мен табандылығын бөле-жара әңгімеледі.

Ал, сайысты ұйымдастыруға мұрындық болған Атырау қалалық білім бөлімінің әдіскері Жұмазия Жолмұханова мұндай сайыстың алдағы уақытта да тұрақты өткізіліп тұратынын, оның оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға оңды әсері барын айтты.

Лиза СЕЙТІМОВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button