Қоғам

БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ – БАЙЫПТЫ КӨЗҚАРАС

 Бұл семинардың мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, оларды көп тілді білім беру арқылы тәрбиелеу, Монтессори педагогикалық жүйесінің элементтерін қолдана отырып, тәрбиешілердің озық тәжірибелерін көрсету болды.  

Балабақша директоры Ғ.Базарғалиева Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауындағы «Бала тәрбиелеу — болашақтың ең үлкен инвестициясы» деген қағидатын басшылыққа алып, жас өскіндерге мейлінше тәлімді тәрбие беру керектігі жайында баса әңгімеледі. Осыдан соң семинар жұмысы балабақша эссесімен ашылып, интерактивті тақтадан бейнесюжет, панорама, мастер- кластар берілді. 

Сондай-ақ, семинар барысында орыс халқының «12 ай» ертегісі қазақ тілінде қойылды. Атап өтерлігі сол, ертегіге қатысушы кейіпкерлер — кішкене бүлдіршіндер өз рөлдерін әп-әсем сомдап шықты.  Семинар жұмысын балабақша психологі Г.Үркімбаева «Ой қорытындысы» тренингімен аяқтады. 

Лиза СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button