Жарнама
Қоғам

“Байтақтықтар” бас қосты

Қазақстанның “Байтақ” жасылдар партиясы Атырау облыстық филиалының III кезекті конференциясы өтті.

Онда Атырау өңіріндегі жер қойнауын пайдаланушылардың ESG қағидаттарын сақтауын қадағалау, экологиялық эмиссия түсімдерінің экология және қаржы саласының мамандарымен арнайы есебін жүйелеуді қолға алу, экологиялық эмиссиядан жұмсалатын қаржылардың нысаналы мақсатына жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу секілді мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, партияның белсенді мүшелері облыстық филиалдың Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізуді, облыста филиал жұмысын жандандыру, белсенділер қатарын көбейту, партия жанында Жастар қозғалысын қалыптастыру мәселелерін де талқылады.
-Экологиялық бағытта жұмыс атқаратын Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын жандандыру мақсатында 2025 жылға бағытталған жұмыс жоспарын құрып, донор фонттардан қаражат тарта отырып эко проекттер жасақтап, қоршаған ортаға үлес қосу маңызды, деп атап өтті Партия төрағасының арнайы тапсырмасымен өңірге делегацияны басқарып келген, Партияның атқарушы хатшысы Нұрлан Көптілеутегі.

Конференция барысында алдағы өтетін референдумды толығымен қолдады.

Фото: el.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button