БАҒДАРЛАМА КӨПКЕ ОРТАҚ
Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар басшыларына, педагогтарға арналған «Мектеп жасына дейінгі қабілетті тұлғаның шығармашылық құзыреттілігін жетілдіре отырып, көп тілді білім беру арқылы тәрбиелеу» атты қала, облыс көлемінде семинар өткізілді. Семинардың барысында үштілділікпен «М.Монтессори педагогикалық жүйесінің элементтерін» ұштастыру жұмысы ұсынылды.
Сонымен қатар, аталған жобаны қолданысқа енгізу, іс-тәжірибені тарату мақсатында жуырда облыс көлемінде «Жаңа технология – жаңа бағдар» атты семинар ұйымдастырылды.
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану арқылы тәрбиелік білім беру үдерісін жетілдіру, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, үштілділікті меңгертудегі жұмыс нәтижесін көрсету мақсатында өткен семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мамандары және білім беру ұйымының басшылары қатысты.
Өткен жылдан бастап педагогикалық кеңеспен бекітілген бағдарламаға толықтырулар енгізілді. Болашақта аталған бағдарламаны облыс көлемінде таратуды жоспарлап отырмыз.
Лиана ҚАДЫРБАЕВА, №21 «Алтын кілт» балабақшасының жоғары санатты әдіскері.