Бүлдіршіндер арасында Құран жарысы өтті (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен облыстық «Иманғали» оратылық мешітінде 1-Маусым балаларды қорғау күні қарсаңында он жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында Салават Келбатырұлының руxына арналған Құран кәрім байқауы өткізілді, деп хабарлайды Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Байқауға қатысушы бүлдіршіндер өзара қасиетті Құранның соңғы бөлігі бойынша бақ сынасып, жатқа әрі мәнерлеп оқудан жарысты.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы:
«Бүгінгі Құран жарыс мүлдем өзгеше болуда. Қазір Құран түскен құтты айдың ішіндеміз. Рамазан айында әрбір мұсылман баласы Құранды үйреніп, көбірек оқып, сүрелерді жаттап, уақытын сауаппен өткізуге тырысады. Міне, мына бүлдіршіндеріміз кішкентайынан Құран үйренгендерін көрсетіп, балдай тәтті тілдерімен ең әдемі сөз Құранды баршаңыздың алдарыңызда оқып жатқаны — үлкен бақыт. Бұл үлкендерімізге де, кішілерімізге де өнегелі іс. Барлық балаларға, ата-аналарына, ұстаздарына ризашылығым шексіз», — деді.
Құран сайыстың соңында сауапты іске себепші болған марқұмның атынан бас имам Батыржан Берденұлы балаларға велосипедттер мен самокаттар табыстады.
Айта кетейік, Құран сайысын өткізудегі мақсат — жастардың қасиетті Құран кәрімге деген маxаббатын ояту, жас қари xафиздердің мұнайлы өңірден көптеп шығуына кішкентай да болса себепші болу.
Хорлан Смадияр