Жарнама
Қоғам

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ – ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Сондықтан, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларына апта сайын мониторинг жүргізіліп, ірі көтерме тасымалдаушылардан айлық қор туралы ақпарат алынуда. Жыл сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жеткілікті көлемде қамтамасыз етілуі мен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында қала әкімдігінің кәсіпкерлермен келісімге келіп, ынтымақтастық меморандумына қол қоюы – дәстүрге айналған шара.

Келісім шарасы биыл да қолға алынып, Құрманғазы мәдениет сарайында қала әкімі Нұрлыбек Ожаев облыс орталығындағы «Дина», «Көктем», «Мұрагер» сауда орталықтары мен «Анвар», «Идеал» супермаркеті, «АбаданВестДистрибьюшн» мекемесі басшыларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

— Меморандумның негізгі талабы – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін халыққа қолжетімді бағамен ұсыну, жергілікті ауылшаруашылық тауарларын және тамақ өнімін өндірушілерді қолдау, қала тұрғындарын сапалы азық-түлікпен толық қамтамасыз ету. Көршілес Ресей елінде соңғы уақытта рубль валютасы күрт төмендеп кеткені белгілі. Осыған орай, барлық тауарлардың, соның ішінде, азық-түлік өнімдері бағасы Ресейде төмен болуына байланысты тауарға қосылатын үстемеақы құнының 15 пайыздан аспауын ерекше бақылауға алуыңызды сұраймын, — деді шаһар басшысы Нұрлыбек Жұмахметұлы кәсіпкерлермен кездесуінде.

Қазіргі таңда қала әкімдігі әлеуметтік маңызы бар 33 өнім түрін бақылауда ұстап отыр. Айта кетер басты жаңалық – супермаркеттерде отандық өнімдерді насихаттайтын «Қазақстанда жасалған» деп көрнекі түрде жарнамаланған арнайы блоктар жасақталуда.

Жиын барысында тауар өндірушілер мен супермаркет басшылары арасында да өзара келісім-шарттарға қол қойылды. 

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button