Жарнама
Қоғам

Азаматтық қоғамды дамыту – өзекті мәселе

      Бүгін таңда өңірімізде 708 үкіметтік емес ұйым болса, соның 580-і – Атырау қаласында, 128-і аудандарда жұмыс жасауда. Неғұрлым белсенді ҮЕҰ ғылым мен білім, ақпараттық қолдау, спорт және дене шынықтыру, мәдениет пен өнерді дамыту және тағы басқа бағыттарды қамтиды. 

      Тек өткен жылы 62 жобаға, биыл 69 жобаға тиісті қаражат бөлінді. Айталық, олар отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, заңды мүдделері, жастар саясаты мен балалар бастамалары, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайтуды көздейді. Үстіміздегі жылға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік жобалардың ішінде «Атырау Адалдық алаңы», саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жобалық кеңсе жұмысы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары, «Көңілді тапқырлар клубы» қозғалысын дамыту, жастар күнін және жастар форумын ұйымдастыру, «Атырау жастары» жобасын жүзеге асыру жұмыстары бар. 

      ҮЕҰ жұмысына тереңірек тоқталған Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов аталған ұйымдар арқылы қаншама жұмыс атқарылғанын, қаншама жобаның жүзеге асқанын егжей-тегжейлі айта келіп:  

      – Еріктілердің еңбегімен қыруар іс бітіп, тек бір ғана «Менің атаулы ағашым» акциясы аясында аудандарда 537 көшет отырғызылды. Мұндай басқосулар алдағы уақытта да жалғасын табады. Осылайша өздеріңіз бен жергілікті атқарушы органдардың қарым-қатынасы барынша нығаятын болады, — деді. 

      Сондай-ақ, жиында өңірдегі ҮЕҰ жетекшілері мен өкілдері сөз алып, өздерінің жұмыстарына қатысты ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. 

Лиза СЕЙТІМОВА

Суреттер автордыкі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button