Жарнама
Қоғам

Қазақстанда халық саны қанша болды?

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 272 мың 400 адамға жетті, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметі. 

656565-2

Оның ішінде қалалықтар – 10 529,1 мың (57,6%), ауылдықтар – 7 743,3 мың адам (42,4%). 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3% өсіп отыр.

Қаңтар-маусымда Қазақстанда 192,7 мың адам туған. Бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8% көп. Осы кезеңде 66,8 мың адам қайтыс болған, бұл өткен жылға қарағанда қарағанда 0,1% көп.

Қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейінгі 1 626 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,3%-ға көбейген.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметке сәйкес, 2018 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға келгендер саны 2017 жылмен салыстырғанда 26,5%-ға кеміп, 6368 адам болды.

Елімізден көшіп кеткендер саны 14%-ға көбейіп, 17 171 адамға жеткен. Бұл ретте ТМД елдерінен келгендердің үлесі — 77,2%, ТМД мемлекеттеріне кеткендердің үлесі  — 89,7%.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button