Жарнама
Қоғам

Айыппұлдан жалтарма!

15-24 тамыз аралығында ұйымдастырылған «Борышкер» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы Қызылқоға ауданында да өтуде.

Айыппұлдан жалтарғандардың саны ауданда 216-ға жетіпті. Сондықтан, аталған мәселеге орай, аудандық құқық қорғау органдары қызметкерлері Атырау облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасымен бірлесе іс атқаруда.  Шараның мақсаты – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес, салынған айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру және оны төлеуден жалтарып жүргендерді әкімшілік жауапкершілікке тарту.

Борышкерлерге бірінші кезекте ескерту жасалады. Ал, одан қорытынды шығармаса, көлігін тәртіп сақшылары арнайы автотұраққа қоюға мәжбүр. Ауданда 2,8 млн.  теңге айыппұл төленбеген. Сол себепті, азаматтарға аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің арнайы тобына хабарласуға кеңес беріледі.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button