Жарнама
Қоғам

Ауыл шаруашылығы саласында жұмысшы мамандықтарға жаңаша көзқарас

Жұмысшы мамандықтар жылы-қоғам назарын қазіргі әлемдегі жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы менқажеттілігіне аударудың тамаша мүмкіндігі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге, олардың беделін арттыруға және жастарды өндірістік салаларға тартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру қажет. Мұндай іс-шараларды өткізу неге маңызды? Ең алдымен, қоғамдық пікірді өзгерту үшін: соңғы жылдары жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығының төмендеуі байқалды. Іс-шаралар қалыптасқан стереотиптерді өзгертуге және жұмысшы мамандықтары тек физикалық еңбек қана емес, сонымен қатар жоғары біліктілік пен білімді қажет ететін шығармашылық процесс екенін көрсетуге көмектеседі.Екінші- экономиканың нақты секторын кадрлармен қамтамасыз ету үшін маңызды, себебі көптегенкәсіпорындарға білікті жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі баршаға мәлім.

4f156a51 4f19 43d6 944e ed16e2f416e2

Ал жұмысшы мамандықтарын танымал ету бұл мәселені шешуге көмектеседі. Одан кейін- экономиканы дамытуға әсерін тигізеді: жұмысшы кәсіптері өнеркәсіпті, құрылысты, ауыл шаруашылығын және басқа салаларды дамытуда шешуші рөл атқарады, сол себепті жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру еңбек өнімділігін арттыруға және жалпы экономиканың өсуіне ықпал ететін болады. Жұмысшы кәсіптерінің жылы жай ғана науқан емес, бұл жұмысшы кәсіптерінің оң имиджін қалыптастыруға және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегия.

Мұндай маңызды іс-шараларға кәсіпорындардағы ашық есік күндерін айтуға болады, оқушылар мен студенттергезаманауи өндірістің қандай болатынын, қандай технологиялар қолданылатынын көрсету қажет. Сол кәсіпорындарда  жастар түрлі кәсіптер бойынша өздерінсынап көру үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастыру маңызды. Сондай-ақ жыл сайын техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында өтетін кәсіби шеберлік конкурстары жастар арасында жұмысшы мамандықтарға қызығушылықты оятып, дарынды жас мамандарды анықтайды және осы саладағы мансаптық мүмкіндіктерді көрсетеді. Атап айтқанда, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Атырау кабель зауыты, «Атырау-Жарық» АҚ, Атырау вагонжасау зауыты, «Қазмұнайгазбұрғылау»  ЖШС, ILQS Engineering осындай шаралар өту жоспарланды.  Кәсіптік бағдар беру бойынша жобалар оқушыларға болашақмамандықты таңдауға көмектесіп, жұмысшы кәсібімен жұмысқа орналасу перспективалары туралы айтылады. Сонымен қатар, әлеуметтік науқандарды да назардан тыс қалдырмай, бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысшы мамандықтарының оң бейнесін қалыптастырып, жұмысшылардың іс-шаралары мен жетістіктері туралы ақпарат тарату үшін әлеуметтік медианы кеңінен пайдаланудамыз, атап айтқанда мекемелерге видеотур ұйымдастырып, өндірістің қызықтарын көрсету сәттерін видеоролик ретінде ұсындық. 

b011c532 bf57 4d8a bcec 604d28bc9b1c

Саланың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдарыоқу орындарында өтетін ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланады  және мамандар арасындатәжірибе алмасу жүреді. Кәсіби қауымдастықтар құру арқылы тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру үшінтүрлі салалардың мамандарын бірігеді, ал колледждер  бизнеспен серіктестік құру арқылы оқу бағдарламаларынбірлесіп әзірлейді, кәсіпорындарда студенттердің тәжірибесін ұйымдастырады.    

Тағы да маңызды мәселе — бұл жас мамандарды қолдау, жас жұмысшылардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, тәлімгерлікті ұйымдастыру назардан тыс қалмау қажет. Студенттер мен мектеп оқушылары үшін түрлі кәсіптердеөздерін сынап көруге және саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретін, техникалық мамандықтарғақызығушылықты ынталандыратын және бағдарламалау дағдыларын дамытатын виртуалды өндірістерді, орталықтарды құру маңызды. 

Жалпы көпшілікке арналған іс-шаралар қатарына кәсіпорын жетістіктерінің көрмелерін ұйымдастырып, жаңатехнологияларды, өнімдерді және инновациялықшешімдерді көрсету және жұмысшы кәсіптерініңбрендтерін құру жатады. Жұмысшы кәсіптерінің брендингі-бұл жұмысшы мамандықтарының тартымдылығынарттыруға және дәстүрлі түрде беделі төмен деп саналатынкәсіптердің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық тәсіл. Мұндай брендингтің мақсаты-жастардыжұмысшы мамандықтарына тарту, олардың қоғам менэкономикалық даму үшін маңыздылығын көрсету,сондай-ақ жұмысшылардың әлеуметтік мәртебесін арттыру.

beb02b6e 2714 482a a5ff de949437ea1c

Сәтті брендинг  кейсінің моделі ретінде «Болашақтың дәнекерлеушісі бол» — заманауи технологияларды қолдана отырып және жұмыстың шығармашылық аспектісіне баса назар аудара отырып, жастарды дәнекерлеуші мамандығынатартуға бағытталған науқанды, «Армандарыңды құрастыр (тұрғыз)» – бұл құрылысшының жұмысы тек физикалық еңбек емес, қоғам үшін жаңа және маңызды нәрсе жасаумүмкіндігі екенін көрсететін науқандарды айтуға болады.

Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру — кешенді міндет және жүйелі тәсілді талап етеді. Осы мақсатқа жетуүшін қолдануға болатын  тиімді іс-шаранің бір түрі — кәсіби шеберлік жарыстары мен чемпионаттары немесе корпоративтік чемпионаттарды ұйымдастыру болып табылады. 

Сондай-ақ бизнес-инкубаторлар мен бизнес-акселераторлар құру арқылы  жаңа өндірістіккәсіпорындарды дамыту үшін жағдай жасау, инновациялықжобалар конкурстарын ұйымдастыру, жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеуді ынталандыру, кластерлер мениндустриялық парктер құру, осы бағыттағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндетін бірлесіп шешу үшінкәсіпорындарды біріктіру шараларын жүзеге асыру қажет. 

bd4a74c4 cb32 47c6 be93 9c8946544707

Іс-шаралардың сәттілігінің негізгі факторлары — бұл  жүйелілік, әртүрлі мақсатты аудиториялар мен бағыттардықамтитын кешенді іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу. Екінші фактор — серіктестік, мемлекеттік органдармен, бизнеспен, білім беру мекемелерімен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар. Үшінші фактор- бұл инновация: заманауи технологиялар мен шығармашылық форматтарды қолдану. Төртінші фактор – бұл тиімділіктібағалау. Қажетті түзетулер енгізу үшін іс-шараларнәтижелеріне үнемі талдау жүргізу. Бұл шаралардың барлығы- студенттер мен оқу орнының болашағына инвестиция, жас мамандарға еңбек нарығының талаптарынатезірек бейімделуге мүмкіндік береді және олардыңбәсекеге қабілеттілігін арттырады. Жұмысшы мамандықтарын танымал ету –  тұрақты күш пенинновациялық тәсілді қажет ететін ұзақ мерзімді процессекендігін есте ұстауымыз қажет. 

Осы орайда Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі бойынша қоғамда жұмысшы кәсіптерінің дәрежесін көтеруге бағытталған жобаларға және жүзеге асыру жолдарына тоқталып өтеміз. 

beb02b6e 2714 482a a5ff de949437ea1c 1

Аграрлық сектор жұмысшы кәсіптерін танымал етудің арнайы тәсілін талап ететін бірегей ерекшеліктерге ие сала болып табылады. Міне, осы сала үшін жоспарланған нақтыіс-шаралар:

Оқушылар мен студенттер үшін

* Агротурлар мен практикумдар: мектеп оқушыларызаманауи ауыл шаруашылығын өз көздерімен көруі үшінфермаларға, ауылшаруашылық кәсіпорындарына сапарларұйымдастыру.

*Агрохакатондар: ауыл шаруашылығына арналғанинновациялық шешімдерді әзірлеу бойынша жарыстар.

* Мектеп шаруашылығы бойынша жобалар: балалар ісжүзінде агротехникалық әдістерді игере алатын мектепбақшаларын, жылыжайларды құру.

* Кәсіптік бағдарлау ойындары мен квесттері: агроном,ветеринар, механизатордың жұмысын имитациялайтын интерактивті ойындар әзірлеу.

Қоғамдық орта үшін:

* Агрофестивальдер: ауылшаруашылық көрмелерін,конкурстарды, шеберлік сыныптарын, өнімнің дәмінбіріктіретін іс-шаралар өткізу.

* Әлеуметтік кампаниялар: ауыл тұрғынының оң имиджінқалыптастыру, ауыл шаруашылығы кәсіптерінің беделі менболашағын көрсету.

* Деректі фильмдер мен бағдарламалар: ауыл еңбеккерлерінің өмірі мен жұмысы, ауылшаруашылығындағы заманауи технологиялар туралыәңгімелер.

* Аспаздық сабақтары: ауылшаруашылық өнімдерінендәмді және пайдалы тағамдарды қалай дайындауғаболатындығын көрсету.

Мамандықтардың беделін арттыру үшін:  

* «Үздік фермер», «Үздік агроном», «Үздік ветеринар»конкурстары: ауыл шаруашылығындағы кәсібилік пенжетістіктерді көтермелеу.

* Ауыл жастарын қолдау: бастауыш фермерлерге гранттар,жеңілдікті несиелер беру.

Кәсіби дағдыларды дамыту үшін

* Мобильді оқу орталықтары: ауыл тұрғындары үшінкөшпелі семинарлар мен курстар ұйымдастыру.

* Онлайн оқыту платформалары: заманауи білім ментехнологияға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

*Шетелдегі тағылымдамалар: колледж мамандары мен студенттері үшін озық агрономиялық орталықтардабіліктілігін арттыру мүмкіндігі.  

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін

* Агротуризм: ауыл туризмін шаруа қожалықтары үшінқосымша табыс көзі ретінде дамыту.

* Кооперация: өнімді бірлесіп сату үшін шағын шаруақожалықтарын біріктіру.

* Мемлекеттік қолдау: ауыл шаруашылығы бизнесін дамытуүшін субсидиялар, жеңілдіктер беру.

Енді нақты жобаларға тоқталайық.

Нақты дәлелдерге көшпес бұрын, қазіргі ауылшаруашылығы жоғары технологиялық секторға айналыпбара жатқанын атап өту маңызды. Электроника, автоматика, мехатроника тек оқу құралы ғана емес, болашаққаинвестиция болып табылады, мұндай құрылғылармен оқытылған түлектер автоматтандыру, робототехника жәнеауыл шаруашылығы процестерін басқару саласында тереңбілімге ие болады, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, ал ауыл шаруашылығына инновациялықтехнологияларды енгізу өнімділікті, өнім сапасын жәнеэкспорттық әлеуетті арттыруға ықпал етеді. Осыған орай, төмендегі жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

1. «3-кабинет» жобасы. Электроника, роботехника және прототипирование бағыттары бойынша. 

2. «Ауыл шаруашылығындағы мехатроника» жобасы.

3. «Ветеринарлық лаборатория қызметі» жобасы.

4. «Геодезиялық ізденістер» жобасы.

5. «Ауыл шаруашылығы өнімдері, дұрыс тамақтану түрлері» жобасы.

6. Полиграфиялық қызмет жобасы.

7. Құрылыс қызметтері жобасы.

8. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету.

​Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы  Президентіміз  атап өткендей, «Жұмысшы мамандықтары жылы» қоғамымызда қажырлы еңбек пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге септігін тигізеді» деген сенімдеміз.

Ислам ЖАНҰЗАҚОВ,

О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің директоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button