Əулиекөл елді мекені – бозбала Ахметтiң балалықпен қошт асып, жігіт болып, қосағы Александраны тапқан жерi. Бұған ерекше мəн беріп, салмақ сала айтуымыздың өзiндiк себептерi де жетерлік. Өз алдыңа отау тігіп, шаңырақ көтеру үшін бір басың екеу болуы керек. «Отан – отбасынан басталады» деген қанатты сөз өмір сынағында елеуден өткен қағида. Ендеше, Ахмет те жеке өмірін о сы өз отауын, ошағын құрудан бастағаны анық. «Бас екеу болмай, мал құралмайды» дегенді бабаларымыз бекер айтпаған. М.Əуезовтың «Ақаңның елу жылдық тойы» мақаласында: «Қостанай уезіндегі Əулиекөл деген жерде екінші рет оқытушы болған. Əулиекөлден үшінші рет ауысып барған школы Қостанай қаласы» деген мəлімет бар. Тұлғаның рухани қаламдас інісі М.Əуезовтың осы «Əулиекөлде екінші рет оқытушы болған» деуінің астарында жұмбақтың шешуі жатқандай. Асылы, Ахметке ат басын қайта-қайта бұрғызған Əулиекөлдің, кейін оқытушы Ахметтің құрметіне бір көлі «Мұғалімкөл» деген атауға ие болғаны мəлім. Осы бір киелі мекеннің де тарихына зер салсақ, бізге берер мағлұматы баршылық-ау! Адамзаматың басына бір-ақ рет берілетін, бұл жарық пəниде пенде өзiне өмiрлiк жар таңдауда кездейсоқтыққа бой алдыруы мүмкін бе?! Əлбетте, жазмыштың бəрі де Алла Тағаланың бұйрығынан. Маңдайыңа нені жазса, соны көресің! Əйтсе де, Ахметтей алғыр жанның жүрегіне жол тапқан перизатты да, сол аруды өзіне мəңгілікке жар еткен Ахметті де «пендешілік есеппен тұрмыс құрған-ды» деу күпіршілік болар-ау. Оларды бір-біріне кезіктірген тағдырдың тылсым күшінің құдіреті шексіз бе дерсіз!
ХАЛҚЫНАН АЛАСТАЛҒАН АСЫЛ ЖАН
Қазақ деген ұлысқа керек кезінде туып, оның керекті ісін атқарған Ахметтей ақиық жанның мандайына қандай жанды бұйыртты екен, бұл Жаратқан?! Енді соның сырына үңілейікші… Қазақ даласына өзге ұлт өкілдерінің қоныстандырылуының, оның ішінде Ресей жерінен орыстардың қоныс аударылуының саяси себептері болды. Мəселен, орыс патшалығы тұсында əділетсіз билікке қарсы бұқара халықтан шыққан көзі қарақты сауатты жандар өздерінің тарихи Отаны – Ресейден əдейі аластатылған. Сондай ала[1]сапыран уақытта Орал жағынан Қостанайдың Аманқарағайына ауып келген бірлі-жарым орыстарға, осы сардаладағы қонақжай қазақы ауылдан бастарына тұрақ болар баспана бұйырғаны белгілі. Аманқарағай – Қостанай өңіріндегі табиғаты сұлу, қалың қарағайлы, ұзындығы екі жүз шақырымдай алқапқа жайылған, орманды мекен. Əрі бұл өлке айдын шалқар көлдер мен өзендерге бай. Осы өңірге отбасымен жер ауып келген Иван ауылдағы Аманқарағай
орманының қорықшысы болып, тапқан аз нəпақасымен отбасын асыраған қарапайым шаруа екен. «Адамның басы, Алланың добы» демекші, Иванның қызы Александра осылайша орманнан жеті шақырым қашықтықта орналасқан Əулиекөлге кез келеді. Орыс қызы Александра ару да қарадүрсін емес еді. Ол сауатты, көзі ашық, иманжүзді, аяулы жан болса керек. Ал, осы елге оқытушы болып, екінші рет қайта келген жас мұғалім пешене сіне жазған періштесін кезіктіреді. Ахметтің Əулиекөлді өзіне пана тұтып, қайта-қайта оралып соғуына себеп жоқ та емес еді. Өйткені, анасы Күншінің ағайын-туғандары, өзінің нағашы жұрты – Сүгір елі осы жердің байырғы жұрты болатын. Сүгір – үлкен ата Арғыннан тарайтын, тамыры терең, бұтақтары кеңге жайылған, өсіп-өнген тармақ. Бүгінге жеткен мəліметтерге сүйенсек, ру атына айналған Сүгірдің Шеру деген баласынан Құлыбек туады. Құлыбек – Ахметтің нағашы атасы. Яғни, анасы Күншінің əкесі.
«ДАЛА ЗАҢЫН» БҰЛЖЫТПАЙ…
Ахметтің нағашы бабасы Шеруді ауқатты болған деседі арқа жұрты. Сонау бір алмағайып орыс патшасына қазақ елі тəуелді болған тұста, бетпақтағы ауа жайыла қоныстанған көңілі дарқан дала жұртының жұдырықтай жүрегіне бодандықтың құрсауы сызат салған заман туды. Ел мен елдің, ауыл мен ауылдың арасындағы қарым-қатынасы да осы патшаның ұзын құрығының қилы-қилы қимылына қарай бағынатын құлдық күйге түсті. Құлыбектің күйеу баласы Байтұрсынды, ағайындарымен қоса айдатқан да осы патшаның қитұрқы саясаты еді. Патша ағзамның ұзын құрығына ілігіп қа лмас үшін Құлыбек бай шалғай жатқан Торғайдағы құдасы Шошақ əулетімен жалпы, құдандалы жекжат-туыстармен абайлап араласып, туған қызы Күншіге де іштей тілеулес болып, бəрін сырттарынан бағып, бір шетте тыныш жататын. Торғайдағы тумалардан қол үзіп, Сүгір елінің біршама уақыт бұйығы өмір кешуіне тура келеді. «Уақыт өзі емші» дегендейін, талай жылдар оқу қуып, кейін еңбек жолын бастаған осы бір қиын-қыстау тұста тіршілігіне демеу іздеген Ахмет нағашыларының ауылын пана, əрі қара тұтып келгені анық. Қостанай маңындағы елеусіздеу тыныш жатқан ауылда сабақ беріп жүрген жас оқытушыны өмір-талқы өзі баулиды, тəжірибесін ұштайды. Көк аспанның аясында жарқырап жатқан қасиетті Əулиекөл де қос жүректің лүпіліне куə болып, тағдырларына орт ақт асып, олармен бірге сыр шертеді. Жан сырларын ақтарған Əулие көл қос ғашықтың аппақ сезімдеріне куə болғанымен, олардың бастарына ұзақ пана бола а лмайды. Ол ке зде ел ішіндегі жазылмаған «дала заңы» бойынша нəсілі бөлек жандар бір-бірімен отандасуға болмайтын еді. Өмірдің бұралаң соқпағына енді қадам басқан, ұстанған діндері бөлек, бірі – мұсылман, бірі – христиан қос жүрек махаббаттарына араша болар пана іздеп, жақын маңдағы арасы жүз шақырымдай болатын Қостанай қаласына келеді. Мұнда көп аялдамайды, осы өңірге жақын жатқан теріскейдегі Троицкіге жол тартады. Мəңгілікке бірге болуға қол байласқан олар ақ неке сiн қиғызу мақсатымен шаһар ішіндегі мұсылмандар мешітінің ақыл-кеңесіне жүгінеді. Мешіттің имамы айтқан кеңес бойынша, олар сол жерде Александраны мұсылмандыққа қабылдау үшін қажетті барлық рəсімдерді орындайды. Ахметтей жігіт падишасына жар болуға ант-су ішкен болашақ қалыңдығы Зейнолла ишанның қарауында екі айдай имани дəрістер алады.
ЕЛ ҚҰРМЕТІ – «МҰҒАЛІМКӨЛ»
Көп ұзамай, Александра мұсылмандық мектептің өзіне қойған сынақт арынан сүрінбей өтедi. Олар осы қалада біршама уақыт тұрып қалады. Мұсылман дiнiн риясыз пейілмен қабылдаған аруға Ахметтің жүрек қалауынан шыққан «Бадрисафа» деген жаңа ныспы беріледі. Ол бұл есімді кенеттен таңдамаған еді. Бала күннен тілін арабша сындырып, Мұхаммед пайғамбар туралы танымы ерте жастан қалыптасқан Ахметтің «Алла сөзін хақ» деп танитын қасиетті Құраннан сауаты зор болатын. Айдай толықсыған ару Александрасының өн бойынан кіршіксіз пəктікті таныған оның санасына осы «Бадрисафа» есімі орала берді. Арабшада «бадрун» сөзінің «толық ай», ал «сафа» сөзінің «кіршіксіз таза» деген мағына беретінін білетін ол болашақ жарына тек осы сұлу есімді лайық көрді. Əрі сол шешімге тоқтам жасайды. Екі жас осылайша Құдай алдында мəңгі бірге болуға ант-су ішіп, мұсылмандар үйінен ерлі-зайыпты болып шығады. Ахмет пен Бадрисафа Əулиекөлде табысып, онда аз уақыт аялдаса да, оның ауыл балаларын оқытудағы қа лтқысыз қызметін жергілікті жұрт ерекше бағалайды. Олар екі жастың елден кеткенін қаламайды. Бірақ өмір соқпағындағы тағдырдың темірдей талабы ел таңдауымен санаспайды. Аманқарағайлықтар қос ғашыққа деген шексіз сағынышын, олардың аппақ махаббатына деген ізгі ілтипаттарын, ауыл ортасындағы əсем айдын Əулиекөлдің көп көлінің бірін «Мұғалімкөл» деп əспеттеумен ұрпақ жадында мəңгілікке қалдырды. Мұғалімкөл күні бүгінде ұлт ұстазы Ахметін ұмытқан жоқ. Көкпеңбек көлдің тұп-тұнық суының бетінде жарыса жүгірген толқындары, айдынында жүзген ұзын мойын аққуларды аялай тербетеді. Сонан соң аққулардан оза жағалауға асыққан асау толқындар Ахмет пен Бадрисафаның табаны сан рет тиген жағаны жарыса кеп, кезек-кезек өбеді. Мінекей, Табиғат-Ананың жұрт жұмысы үшін жаралған, ғасырда бір-ақ рет туатын, төл перзенті Ахметі мен оның сүйікті жары Бадрисафаға деген шексіз махаббаты, мəңгілік ескерткіші. Жарқыраған Мұғалімкөлдің жағасында Ахмет сабақ берген мектеп əлі бар. Қабырғалары бөренеден өрілген ағаш мектептің маңдайшасына, оның бұл білім ордасында қашан сабақ бергендігі жазылып, мəрмəр тастан тақта ілінген. Ал, қарсы алдында осы күнгі жобамен салынған үш қабатты мектеп ғимараты бой көтерген. Айналасы əсем қоршалған, жанында бау-бақшасы бар қос оқу орда[1]сы бір-біріне саялы сəн-салтанат беріп, алыстан «менмұндалап» өз оқушыларымен қатар, басқаларды да өзіне шақырады.
«АҚ КЕЛІН» АТАНҒАН АЯУЛЫ ЕДІ
1989 жылы 5 қыркүйекте Шолпан Ахметқызына Қазақ КСР Прокуратурасы берген «Бадрисафа Байтұрсынованы ақтау анықтамасы» туралы мəліметтерге назар аударсақ. Анықтамада: «…Байтұрсынова Бадрисафа Мұхамед[1]Садыққызы, туған жылы – 1878, Орал қаласының тумасы, ұлты – татар, КСРО азаматшасы, үй шаруагері» деп, оған 1931 жылы 13 қаңтарда тағылған жер аудару қаулысының күші жойылғаны жөнінде мəлімдеме жасайды. Ресми құжатта Бадрисафаның нағыз ныспысы орыс нəсілінен екендігі көрсетілмеген. Себебі жоғарыда айтқанымыздай, Александра «тағдыр-талайым» деп қабылдаған Ахметімен өмірін мүлдем жаңаша бастаған. Сондықтан да оны кейінгі ортасы «татар қызы Бадрисафа Мұхамед-Садыққызы» деп таныды. Шындығында, алғаш көргендер оның ақсары өңіне қарап-ақ, ныспысы «орыс» екенін бірден аңғарса да, Ахметтің отбасымен етене ара ласқандықт ан, жақын туыстары мен жора-жолдастары мұсылман дінін қабылдаған биязы Бадрисафаға үлкен құрметпен қарайды. Тумысынан бауырмал қазақ жұрты оны өздеріне жақын тартып, «Ахаңның жары» деп ерекше ықыласпен əспеттеп, сыйлаған. Шолпан Байсалова естелігінде Бадрисафа анасының келбетті, əрі сұлу болғанын, оның мұсылманша киінетіндігі, əкесі Ахметті «отағасы», «төрем» деп құрмет тұтқандығын, ал ағайын-туғандарының арасында анасының «ақ келін» атанғандығын жазған. Шолпан Ахметқызы ата-анасының бірде-бір суретін өзімен бірге сақтай алмағанын өкінішпен е ске алатын. Кейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған əке сінің суреттері мемлекеттік мұрағаттардан алынса, анасының суреті өзінің сипаттауымен, Орталық саябаққа серуенге шыққан орыс əйелдерінің «жиынтығынан» салынғанын айтқан еді. Ахметтің жары Бадрисафаның аяулы бейнесін еске түсірушілердің бірі – Міржақыптың қызы Гүлнар. Ол өзінің «Ардақтап өтем əкемді» атты мақаласында үлкен əкесі Асқардың қызы Ботакөз əпкесінің мəліметтерін келтіреді. Ахметтің бəйбішесі жөнінде қызықты деректер береді: «Жеңгейдің нəсілі – орыс. Тілі келсін-келмесін, тек қазақша сөйлейтін. «Қ»-ны «к» деп айтатын, тəтемді «Міржакып кайным», Ахмет жұбайын «төрем» дейтін. Бадрисафа жеңгей ақ сары, көк көзді, қыр мұрынды, орта бойлы, толықтау денелі болатын. Құлағына ақ тасты алтын сырға салатын, басынан аппақ орамал түспейтін, оны желкесіне байлап қоятын», — дейді. Жəне Бадрисафа апалары дайындаған түрлі тағамдардың дəмділігі тіл үйіретіні соншалық, ауыздарында дəмі əлі күнге тұрғандай сезінетіндерін жазған. Əрі апаларының жүздеген жұмыртқадан қатыратын шəк-шəк, бауырсақтарын кесуге көмектескендерін шынайы сүйіспеншілікпен мақтана еске алады. Бадрисафа Мұхамед Садыққызының аса мейірімді, əрі өте қонақжай болғандығы, жұбайының туған-туыстарына деген шексіз құрметі ел аузында да аңыздай тараған. Мəселен, 1926 жылдары туған еліне демалуға келген Ахмет пен Бадрисафаның аз күн тəрбиесінде болып, шапағатын көрген ақкөлдік Əубек Сатыбалдыұлының олар туралы əңгімесін 1998 жылы өз құлағымызбен естіп, бейнетаспаға жазып алған едік. Бұл шамамен, Əубек ақсақалдың он екі-он үш жасында басынан өткізген оқиғасы. Қария əңгімесін: «…Ахаңның жұбайы əйелдердің нағыз перизаты, бек сұлуы еді», — деп бастады. «Ел ішінде оның орыс қызына үйленгенін жаратпаған қауесет тарап кеткен. Олар алғаш елге келгенде, оның орыс əйеліне үркіп қараған ағайын-туыстар мен тума-жекжаттар көп болды. Солардың ішінде бала болсам да мен де бармын. Мен Ахметтің үлкен ағасы Қалидың қозылы қойларын бағып, есік аузындағы бөстекке жата кететін кіріптар кедей ағайынының баласымын. Үсті-басым – ебіржесір. Басым – жа лақ, әрі суы шыққан таз, адам баласы жаныма жолай алмайтындай сасықпын. Менің мүшкіл халімді көрген Ахмет ағатайым кейбір туғандарыма ұқсап теріс айналмастан, бірден орыс әйеліне «Мына бейбақты күтіп, бақ» деп тапсырма берді. Әлгі орыс жеңгеміз өзгелер сықылды тыжырынып жиіркенбестен, мені қасына ертіп, жағдайымды жасады. Ауыл маңындағы көлге апарып, өмірімде сабын көрмеген денемді иісі аңқыған сабынсумен жуындырып, басыма дәрі жағып, айналдырған аз күнде көзімді шайдай ашты. Мен осылайша ел қатарына қосылдым», — деп, Әубек ақсақал басын шайқай, тамсана өткен күндерді есіне алды. Сонан соң сол күндер көз алдында тұрғандай, өзінен-өзі күлімсіреді. Оның терең әжім басқан жүзінде Ахаң дайаға тайы мен Бадрис жеңгесіне деген ризашылығының табы әлі сақталғандай көрінді маған. «Аштықта жеген құйқаның дәмі аузыңнан кетпейді» деген бабалар сөзі осындайдан шыққан-ау, шамасы.
ҰЛЫ ІСТЕРДІҢ ҚУАТЫ
Ахметтің туған жері Сарытүбектің сары аптабына қақталып, топыраққұмын кешіп өскен бүгінгі аға ұрпақтың әңгімесіне ден қойсақ. Торғайлықтардың айтуынша, ел ішінде мынадай қызықты хикаят сақталған: «…Ахмет Орынбордағы оқуын бiтiрген соң, Қостанай уезiнiң Әулиекөлiнде бастауыш мектепте оқытушы болып тұрған тұста Мұхамед-Садық деген татар көпесiнiң үйiнде пәтер жалдап тұрады. Сол көпестiң балиғатқа толып отырған Бадрисафа есімді бойжеткен қызы бар екен. Ол қыздың күтушiсi орман қорықшысының Александра деген орыс қызы. Байдың қызы Бадрисафаның дімкәсі болса керек. Сол сырқатынан айықпаған бойжеткен көз жұмады. Көпес қайғысын ұмыту үшін қызының көзiндей болған сыпайы, әрі әдептi ару Александраны Ахметке ал деп қолқа салады-мыс…». Бұл үлкендердің аузы — нан жеткен, аңызға айнала бастаған әңгіменің ақиқатын дөп басып айту қиын. Бірақ, шындыққа бір табан жақын-ау деп те қаласың. Қалай болған күнде де орыс қызы Александраның «Бадрисафа» деген мұсылманша ныспыны кейін алғаны анық. Ал, Ахметтің Аман қарағайдай қазақы ауылда анасы Күншінің төркіні – нағашы жұрты Сүгірлер тұрғанда көпес татардың үйін жалдауы, сол тұстағы солақай саясаттың «салқынынан» болса керек. Қостанайлық жорналшы әрі жа[1]зушы Байтұрсын Ілиястың 1998 жылы ғұламаның 125 жылдығына орай «Алтын бесік» атты кітабында Ахметтің жұбайы жөнінде: «… Нұртаза ақынның баласы, атақты Әбіқай ақынның туған бауыры Нәуен молда Орынбордан келе жатқан Ахаңды үйіне құрметпен қарсы алып енгізеді. Бұрыннан Ахаңа іші бұратын, қадір тұтатын, әзіл-қалжыңы жарасқан достығы болыпты. Нәуекең Ахаңа әзілін қыстырып жібереді: – Аха, мына қасыңыздағы тым сымбатты асыл перизатыңыз, өзінің көзі де әдемі келісті, есімі кім болар екен? — деген деректі оқиға бар. Сонда Ахмет мүдірместен: «Есімі – Александра Ивановна, Құдайдың ризамын қиғанына, Бір кәпірді мұсылман қып сауаптасам, Тұрмай ма ол молданың иманына, — депті. Бұл туған еліне алғаш рет жұбайын ертіп келген сапарындағы Ахметтің басынан өткен оқиға болса керек. Кітаптың орыс тілінде берілген мәтінінде: «ол» сөзі «он» болып өзгеріске түскен: «Это – Александра Ивановна, Благодарю всевышнего за встречу с ней, Одну неблаговерную я обратил в ислам, Не равен ли мой подвиг службе 10 имамов». Өлең орыс тіліне жолма-жол тәржімаланған. Осындағы қазақ тіліндегі – «ол» мен орысша «он» сөздеріндегі айырмашылық – әріптік қате. Бұл шумақ ел аузында сақталып, ауызша жеткендіктен түрленіп, өзгеріске түсуі мүмкін. Десек те, бұл өзгеріс бір шумақты өлеңдегі мәтін мағынасын бұзып тұрған жоқ. Шумақтың орысшамен қатар берілген қазақшасындағы алдыңғы е к і жо л ы 20–21-ші беттердегі алғашқы нұсқасынан біршама ауытқыған: «Есімі – Александра Ивановна, // Құдайдың ризамын қиғанына» деген жолдар «Бұл кісі Александра Ивановна, // Құдайдың мен риза маған қиғанына» деп, төртінші қатардағы: «Тұрмай ма ол молданың иманына» деген қатар «Татымай ма он молданың иманына» болып өзгеріске түскен. Екінші нұсқадан алғашқысының ұйқасы мәнді, әрі құлаққа жағымды естіледі. Қалай десек те араға талай жылды салып, Ахметтің ауылдастарының жадында жатталып, әйтеуір осы күнге жоғалмай жеткен бұл шумақтың ХХІ ғасырдың ұрпағынада айтары көп-ау, осы?! Жөпелдемеде кенеттен туған Ахметтің зайыбына шығарған осы арнау-шумағының әрбір сөзінде тұнып тұрған тәлім-өнеге, философиялық ой-толғамды көруге болады. Әрі нәсілі орыс болғанына қарамастан, Александрадай арудың мұсылман дінін, ділін, тілін қабылдауы Құдай қосқан қосағы Ахметке деген аппақ, кіршіксіз сезімін айғақтап тұр! Ал, ұлт ұстазының ұлы істерінің қуаты болған Александра-Бадрисафа анам ы з д ы ң мұсылмандықты қабылдауы қай-қайсымызға да ой салары анық. Бүгінгі рухсыздық жайлаған жаһандану дәуірінде өз болмысынан безіп, ата дәстүрін тәрк еткен дүбәра ұрпақтарға өнеге болса-шы.
АРХИВТЕГІ ДӘЛ ДӘЙЕК
Ахметтің жары Бадрисафа хақында тілші-ғалым Рәбиға Сыздықованың бір мақаласында ауызекі жеткен болжам айтылғанды. Мәс елен: «Осы жерде айт а кетелiк, А.Байтұрсыновтың жұбайы Александра атты орыс әйелi болады. Өзі тұрған пәтер ие сінің қолында жүрген жетім қыз (тiптi фамилиясы белгiсiз) А.Байтұрсынов түрмеде жатқанда тамақ тасып, кiр-қоңын жуып, қызмет көрсетедi. Адамгершiлiгi зор азамат мұндай қайырымдылықты, адал көңiлдi аттап кетудi ар санап, түрмеден шыққан соң сол жетiм қызға үйленедi» деген жаңсақ мәлімет берілген. Еш қисынға келмейтін бұндай мәліметті ірі ғалымның қаламынан шыққан соң, кейінгі ұрпақ шынайы қабылдары анық. Тура о сыған ұқсас ақпаратты елімізге танымал жазушы Дүкенбай Досжанов та «Абақты» атты деректі хикаятында қайталайды. Тіпті, тарихи тұлғаны 1907 жылы еш дәйексіз түрмеге отырғызып қояды да, «34 жасқа келгенде, әрең үйленеді» деген сәуегейлік пікір жасайды. Шындығында, Ахметтің 1907 жылы емес, 1908 жылдың қараша айында аз уақыт абақтыда отырғандығы туралы мәлімет бар. Жазушы Д.Досжановтың мәлімдеуінше: «Болашақ жұбайлар Қарқаралыда танысқан кезде Ахаң 34 жаста, Александра 29 жаста болатын. Сонымен кейінгі тұрағы Орынборға Ахаң мен Бәдрисафа ерлі-зайыпты болып келеді», — дейді. Осы үзінді келтірілген жолдардың авторлары зерттеулеріндегі ой-тұжырымдарын: «тағдыр тауқыметiн кешiп жүрген кездерi түрмеде көмекке келген қызға кейiннен аяушылық сезiммен үйленген» деген мәлімдемелермен түйіндейді. Ақиқатында, мұндай жаңсақ пікірлердің негізсіз екеніне Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан табылған тарихи құжаттардағы деректер дәлел бола алады. Осы ҚРОММ-ның құпия саналатын сирек қорларында қатталған ресми деректер «дүдәмал болжамдарды» толықтай теріске шығарды.
Райхан ИМАХАНБЕТ, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті.
Алматы қаласы (арнайы «Аtyraý» үшін)
«Алған жарың жақсы болса – ат үстінен дүбір ет, Алған жарың жаман болса – шиге кіріп сыбыр ет» (Би-шешендер ғибраты)